Мәселе

Тараздағы балалар үйінде түсірілген жаға ұстатарлық видео

  • © CC0 / Jeevan

    © CC0 / Jeevan

Тараздағы "Үміт" балалар үйінің тәрбиешісіне балаларға қатыгездік танытты деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.


Дүйсенбі, 7 қазан күні желіде жаға ұстатарлық видео жарияланды. Видеода әйелдің балаларға қатыгездік жасағанын байқауға болады. Ол "Үміт" балалар үйінде жұмыс істейтіні анықталды.


Әйел балаларды ұрып-соғып, оларға орындыққа отыруға рұқсат бермей жатқанын, ал бағынбағандарды басын төмен қаратып ұстап тұрғанын көруге болады.


Аталған мекемеге көрші тұратын куәгерлердің айтуынша, балалар үйінің ауласынан тәрбиешілердің айқайы мен балалардың жылаған дауысы үнемі естіліп тұрады екен.


Балалар омбудсмені Аружан Саин Тараз қаласының білім, денсаулық сақтау басқармалары мен полиция департаментіне сұрау салды. Осыдан кейін әкімдік балалар үйінің ұжымымен кеңес өткізу үшін арнайы комиссия құрды.


"Облыстық денсаулық сақтау басқармасы полицияға сотқа дейінгі шаралар өткізу туралы арыз түсірді. Сол күні Жамбыл облысының департаменті балалар үйінің 54 жастағы тәрбиешісіне қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 140-бабының екінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп жазды Саин Facebook-те.


Тергеу барысында мекеме қызметкерлерінен жауап алынып, камералардан видеоматериалдар алынды. Қажетті сараптама тағайындалды. Сот шешімі шыққанға дейін тәрбиеші жұмыстан шеттетілді.


Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының "Үміт" мамандандырылған балалар үйі 1984 жылдан бері Тараз қаласында жұмыс істейді. Онда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, жалғызбасты аналардың немесе ата-ана құқығынан айырылған азаматтардың балаларына, сондай-ақ ақыл-ой және физикалық дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетіледі.


Қазір онда бес жасқа дейінгі 70 бала тәрбиеленіп жатыр, олардың 30% –мүмкіндігі шектеулі.


Видео: www.facebook.com/kurmangazy.mussir/videos/3039695842771133/UzpfSTEwMDAwMjE2NTI0NDY4NDoyNDM1NDQzODg5ODcxMDk1/


sputnik




 




Көрілген: 1072    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.10.2019, 18:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31