Тараздық келіншек өзінің қыз екендігін дәлелдей алмай жүр

02 наурыз 2022, 20:50

Тараз қаласының тұрғыны Нұрзат Қалдыбаева бірнеше жылдан бері Жамбыл облысындағы мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып, қақпаған есігі қалмаған. Сондағы мақсаты – өзінің жынысы әйел екендігін дәлелдеу.

Кезінде оның туу туралы куәлігінде қате кеткен екен, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Нұрзат 2000 жылы дүниеге келген. Ол туу туралы куәлігінде ұл болып жазылғанын 2018 жыл бір-ақ біліпті. Құжатында оны Қалдыбаев Нұрзат Талғатұлы деп көрсеткен екен. Бір себептермен куәлігін реттеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барған ол бұл жаңалықты естігенде талып қала жаздапты.

 

1

©ЭК/Нұржан МЕРГЕНБАЙ

 

ХҚКО-ға бардым, олар АХАЖ бөліміне жіберді. Ол жерде жөндей алмады. Облыстық мұрағатқа бардым, еш нәтиже болмады. Бармаған жерім жоқ. Содан бері 4 жыл өтті, еркек боп тұрмын құжатта, — дейді Нұрзат Қалдыбаева.

 

Куәлігін жөндетпекші болған Нұрзат ХҚКО мамандары оған сенбегенін айтады. "Жынысыңды ауыстырғансың, трансгендерсің" дегендей де әңгімелер айтылыпты.

 

 

©ЭК/Нұржан МЕРГЕНБАЙ

 

Күйеуім естігенде аузы ашылып қалды. Үш айдан соң босанғалы отырмын. Келешекте кедергі болатын сияқты. Құжатта күйеуім еркек, мен де еркек боп тұрмыз. Балам есейген кезде не айтады, — дейді Нұрзат.

 

Журналистердің араласуынан кейін ХҚКО мамандары Нұрзат Қалдыбаеваға көмектесуге уәде етті. Бұйырса , жақын арада ол дұрысталған құжатын қолға алатын болады.