Тараздықтар Аружан Саинға видеоүндеу жолдады

05 наурыз 2022, 13:07

Тараздық тұрғындар Мемлекет басшысы мен ҚР Бала құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Аружан Саинға видеоүндеу жолдады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.

Видеоүндеуде ата-аналар «АРТСПОРТ» жобасы арқылы балалардың тегін қатысып жүрген секциялары жабылатындығына шағым білдірді.

 

Тараз қаласындағы «Fight Family» спорт мектебіне жүзге жуық еркін күреске қатысып жүрген балалардың сағы сынуға сәл-ақ қалып отыр, осы күнге дейін Мемлекет тарапынан төленіп, тегін қатысып жүрген спорт мектебі алдағы уақытта ақылы болатынын айтып отыр. Оған басты себеп бөлінетін ақшаның жеткіліксіздігі екен, осыған орай ата-аналар шағымдарын білдірді.

 

Тараз қаласының тұрғыны Рита Сәрсенованың айтуынша, оның баласы «Fight Family» спорт мектебінде еркін күрес үйірмесіне жарты жылдан бері тегін қатысып жүр. Өйткені артспорт деген бағдарламаны ашқан. Бірақ Наурыз айынан бастап қаржыландыру тоқтатылды.

 

— Енді өз қалтамыздан ақша шығарып балаларды оқыту керекпіз. Бұл жерде мен сияқты ата- аналар көп. 100-ге жуық балалар оқиды. Жаттығады. Кейбіреулері бір отбасынан 2-3 баладан келіп жүр. Олардың әрқайсысына қалтасынан шығарып ақша төлеу мүмкіндігі ата анада жоқ. Біздің негізгі сұрайтынымыз, сол қаржыландыруды қайта қалпына келтіру.

 

Мектеп ол бір бөлек, мектептен кейінгі уақытын балалардың көбі телефонмен, гаджетпен өткізеді. Одан денсаулықтың бұзылуынан басқа еш пайда жоқ. Ал мына жаққа келіп спортқа қызығып, тегін секциялар қатыса бастады. Бұл жерде жарыстар өткізіледі. Соған ынталандырып жатырмыз.Оның үстіне бұл спорт клубы біздің үйімізге жақын. Уақыты ыңғайлы. Ең бастысы тегін! Баланың денсаулығын нығайтады. Екіншіден, оның бос уақыты қалмайды,-  дейді ана.

 

Ал, «Fight Family» спорт мектебінің басшысы Дилан Туртаев қаржыландыру тоқтайтындығын айтып мектеп жұмысын ақылы түрге көшіп немесе тоқтайтындығы туралы айтты. Балалар жаттығатын жерді жалға алдым, ішіне жөндеу жүргізіп, жабдықтарды өз қаражатыма алған болатынмын. Жаттығу залына әртүрлі санаттағы балалар келеді.

 

Жақын ауылдардан келетін балалардың ата-аналары да өте ыңғайлы екендігін айтты.

 

Ата аналар бірлесіп Қ.Тоқаев пен А.Саинға видеоүндеу жолдап, балалар жылында қолдауды сұрайды.

 

<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/UCbYkV5j4Z4" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>