Мәселе

Тарбағатайда түз тағыларының шабуылы толастар емес

  • https://jojeklapr.pro/

    https://jojeklapr.pro/

Тарбағатайлықтар талай жылдан бері түз тағысымен аласып келеді. Осы уақытқа дейін тұғындардың қаруы болса да, қасқыр атуға рұқсаты болмады. Сол себепті ит-құс қораға жиі түсті. Мәселен осы жылы екі мыңға жуық малды қасқыр тартып кеткен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Тағылардың шабуылы толастар емес. Мәселен биыл осындай 1696 оқиға тіркелген екен. 506 жылқы, 454 бас іріқара мен 736 қойды қасқыр тартып кеткен. 2017 және 2018 жылдардағы жағдай да осыған ұқсас. Бұл туралы Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мәлімдеді.


Еске салайық, қазан айында аталмыш ауданға қарайтын Ахметбұлақ ауылында бір үйдің 70 бас қойын қасқыр қырып кеткендігін жазған едік. Осы оқиғадан кейін Тарбағатай әкімі облыс орталығында өткен брифингі барысында тұғындардың арыз-шағымдарын қанағаттандырарлық жаңалық айтты.


– Аудандағы прокуратура, полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және шекара қызметкерлерімен келісімге келдік. Келісім бойынша, шекаралы ауылдардағы мылтығы бар 15 шақты адамға қасқыр атуға рұқсат берілді. Олардың ішінде Жаңаауыл ауылдық округіне қарайтын Жаңаталаптан 8, Ахметбұлақтан 2 қаруы бар адам рұқсат алды. Әлбетте, олар түз тағысын бейберекет ата бермейді. Өзіндік шарттары бар, оларға түсіндірілген. Мәселен, қасқыр шекарадан бері өткенде ғана қару кезену керек, – деген еді Серікқазы Садуақасов.


Ал аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің мәлімдеуінше, Тұғыл ауылында тағы 10 аңшы қасқыр аулаға дайын екендіктерін айтқан. Алайда жоғары билік оларды жанармаймен немесе оқпен қамтамасыз етпейді.


 




Көрілген: 1177    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.11.2019, 17:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31