Мәселе

Таспен ұрып, көзін күйдірген: Нұр-Сұлтандағы наразылықта үш полицей зардап шекті

  • Фото: NUR.KZ

    Фото: NUR.KZ

Нұр-Сұлтанда наразылық білдірушілердің қолынан үш полицей зардап шекті. Республика даңғылын жауып тастаған бір топ адам елордадағы жағдайды тұрақсыздандыруға тырысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


"Нұр-Сұлтанда наразылық білдірушілер полиция қызметкерлеріне қолдарына түскен зат пен тас лақтырып, бұрыштық баллондар пайдаланған. Нәтижесінде үш полицей жарақат алды. Екеуі тастан зардап шексе, біреуінің көзі баллоннан күйіп қалған", - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.


Мұндай жағдай бүгін, 9 маусымда орын алды. Санкцияланбаған акциялар Республика даңғылында өтті. Бір топ адам көшені жауып, транспорттық коллапс жасауға тырысты.


Қожаев тәртіп сақшылары өздерін тиянақты ұстап, адамдарға ешқандай қорғану құралдарын пайдаланбағанын айтты. Бұл күні ауруханаға барған 12 адамда жарақат емес, "гипертониялық криз" болған.


Сонымен қатар, ол полиция қолынан зардап шеккен және қайтыс болған адамдар туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.


Ал Алматыда өткен акцияда қатысушылардың ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеген.


Айта кетейік, санкцияланбаған наразылық акциялары Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында Қазақстандағы президент сайлауы күні өтті. Қос қаладан 500- дей адам ұсталды. 




Көрілген: 533    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.06.2019, 09:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31