Мәселе

Тауық етінен құрт шықты: желіде Жаркентте түсірілген видео тарады

  • https://www.zakon.kz/

    https://www.zakon.kz/

Жаркент қаласында базардан сатып алынған тауықтан құрт табылды. Жағдайға санитарлық эпидемиологтар араласты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

 

Әлеуметтік желіде тауық грилінен табылған құрттар жайлы видео тарады. Видеодан тауық етінің ішінде ақ және сары құрттар қаптап жатқанын көруге болады. Автор видео астындағы жазбаға тауықты қаладағы базарлардың бірінен сатып алғанын айтады.

 

"Бұл гриль. Ішінде құрт бар. Жаркенттен сатып алынған. Ақуызды ұнататындар сатып ала алады. Жаркентте құрттармен сатады", - дейді.

 

Желіде шу тудырған видеоға қатысты өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі тексеріс бастағанын айтты.

 

"Панфилов аудандық санитарлық-эпидемиялық бақылау бөлімі жазбаға қатысты жағдайды бақылауға алды. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шаралар қолданылады. Егер мұндай факті анықталған жағдайда, дүкеннің мекенжайын, атауын және өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсету қажет", - деп хабарлады Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі.

 

Мамандар азаматтарға азық-түлікті тек заңдастырылған сауда орындарынан сатып алуға кеңес береді. Азық-түліктің түріне, оны дайындау, жеткізу және сақтау шарттарына, қызметкерлердің арнайы киімдеріне назар аударып, сатушылардан түбіртек талап ету қажеттілігін айтады.

 

Сонымен қатар аудандық әкімдік Жаркенттің орталық базарында грильде тауық сататын сегіз орын бар екенін хабарлады. Олардың әрқайсысының санитарлық жағдайы тексеріледі, деп хабарлады санитарлық қызмет.

 

 

 

 




Көрілген: 2112    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 17:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31