Мәселе

ТАЗА САЙЛАУ ТУРАЛЫ

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Сайлау - қашан да үлкен саяси науқан. Шын мәніндегі сайлау - халықтың таңдауы болуға тиісті.

 

Солай болуы үшін, біз не істеуіміз керек?

 

2021 жылы өтетін Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауының әділ өтуіне үлес қосу үшін қоғам белсенділері мен журналистер «Таза сайлау» азаматтық бақылау ұйымын құрды. Аталған ұйым белсенділері үстіміздегі жылдың 13 қараша күні Алматыдағы Қазақстан баспасөз орталығында БАҚ өкілдерімен кездесіп, қозғалыстың мақсаты туралы айтқан болатын.

 

Бақылаушылар қатарында жазушы, қоғам белсендісі - Бигелді Ғабдуллин, белгілі журналист Махат Садық, тележурналист Ерқанат Көпжасарұлы, қоғам белсендісі Жанна Ахметова, саясаттанушы Эдуард Полетаев бар.

 

Біз белгілі журналист Махат Садықпен сұхаттасқан едік.

 

Тәуелсіз бақылаушылар тобы «Таза сайлау» деп аталады. Бақылаушыларды толықтай жинай алдыңыздар ма? Мәжіліс сайлауының қаншалықты ауқымын бақыламақ жоспарларыңыз бар?

 

«Таза сайлау» топ бастамашылары тәуелсіз сайлаушы толқынын тәрбиелеуді көздеп отыр. Қазақстанда саяси мәдениет мектебін қалыптастыру мақсатымыз. Біз ешқандай партияға мүше емеспіз. Біздің қозғалыстың мақсаты - қазақстандақтардың өзі сырттай бақылаушыларсыз да, әлемге таза, әрі, әділ сайлау жасай алатынымызды көрсету. Қазіргідей пандемия кезінде барып-келу қиын кезеңде жауапкершілікті өз мойнымызға алуды парыз санадық. Елде барлығы 10054 сайлау учаскесі бар, оның 558-і - "жабық", яғни аурухана, әскери бөлімше т.б.  Біздің белсенділер сайлау күні 25 қалада жұмыс істейді. Облыс орталықтары мен Алаты және Нұр-Сұлтан және ірі шаһарлар. 25 қалада 25 белсенді азаматтарымыз бар. Олардың екі жүзге тарта мобильдік кураторлары тіркелген. Жалпы төрт мыңдай бақылаушы 2021 жылдың 10 қаңтары сайлау күні күн ұзақ өздеріне жүктелген азаматтық парыздарын абыроймен атқарарына енімдіміз. Атап өтерлігі  бақылаушыларымыздың жетекшілері  арнайы дайындықтан өтті. Біз тек сайлау кезінде ғана жұмыс істейміз. Аймақтардағы өкілдеріміздің көпшілігі - кәсіпкерлер. Бір жағы олар үшін бұл белсенді жастармен жұмыс жүргізуге ең оңтайлы сәт. Әрі қазіргідей кәсіпкерлік қиындыққа душар болған кезде идеялас жаңа көзқарастағы замандастарымен емін-еркін пікір алмасып, алдағы атқарар істерін жоспарлауға мүмкіндік береді.  Аймақтардағы бақылаушылармен бірнеше рет  ZOOM арқылы байланысып, тәжірибемізбен бөлістік. Білетінімізді айттық, мамандар дәріс оқыды.

 

Алматылық "Стратегия" қорының дерегінше, қазір Қазақстандағы "әрбір оныншы тұрғын шетелге көшуді жоспарлап отыр, олардың үштен бірі - этникалық қазақтар".

 

"Стратегия" қорының деректеріне сүйенген Гобл Қазақстаннан кеткісі келетін азаматтардың "25 пайыздан көбі" 15-28 жас аралығындағы жастар екені алаңдаушылық туғызатынын айтады. Сіз бақылаушыларымыз жастар деп отырсыз.

 

Жалпы, қанша айтсақ та, Қазақстан деген елдің территориясы дүниежүзінде тоғызыншы орына тұрғанмен, басқалармен салыстырғанда ат төбеліндей ғана халықпыз.

 

Екі жағымызда екі алып мемлекет тұр. Бір жарым миллиардтық Қытай мына жағымызда, Ресей мына жағымызда. Олардың саясаты болашақта қалай болады? Қазіргі күннің өзінде кейбір саясаткерлерінің шабалаңдап үріп, қырғи-қабақ жағдай туғызу үшін от үрлеп отырғанынң кейінгі күндері байқап отырмыз.

 

Ал, алдағы  Мәжіліс пен жергілікті органдарға сайлау қарсаңында әлеуметтік желілерде Үкімет пен Парламентті сынауда неше түрлі ғайбат сөздерден көз сүрінеді.

 

Содан қатты ойландым. Бұл қоғам да, билік те біздікі. Ертең біздің ұрпақ өмір сүрмек орта. Қалай болғанда да ҚАЗАҚ болса, ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІ тұрса бәрі орнына келері ақиқат. Мақсат қоғамымыздың саяси өркениеттілік мәдениетіне жету.

 

Ол үшін бір нәрсе керек. Ол әлеуметтік әділеттілік.

 

Аз ба, көп пе көргеніміз бар. Отыз жылдық еңбек жолымның он жылдайында қызметтен қысқарып қалған екенбіз. Кейінгі бес жыл творчестволық демалыстамын деп қоямын сұрағандарға -

 

Әрине, көзге көрініп тұрған әділетсіздіктер жан ауыртады. Оны айта беру жауыр тақырып. Сыртқы жауға керек ел ішіндегі өзара өшпенділік. Соны хал-қадірімізше өзіміз реттеуіміз керек.

 

Сол орайда сайлаудың адал өтуі үшін - Таза сайлау -азаматтық платформасын құрдық.

 

Қуантарлығы қолдап, қолғабыс жасауға ниеттілер кілең жастар. Шетел асуға құлықты жастар көп дедіңіз. Бұл формула. Ел ішіндегі жаңдайды салыстыру, бәлкім саясиландыру.

 

Салыстыру - теңелудің көрінісі. Теңелу - танымның іргетасы. Таным - тарихтың тілі.

 

Жамандық атаулыға темір қақпа қою мемлекеттік мүдде. Бірақ оны толық шешу мүмкін емес. Ол қанша жерден қақпан қойсаң да сыналап өтеді. Оны кіргізетін арнайы халықаралық институттар бар. Олар ашықтан-ашық айғайлап келмейді. Өз тәртібі мен жолын салып білдірмей өтеді. Сананы улайтын бұл бағыттарға қарсы өзіміздің ұлттық иммуниететіміз болуы міндет.

 

Сол иммунитетті қалыптастыратын өз институттарымыз жұмыс істеуі тиіс. Тәуелсіздік институты. Социалистік санадан, кешегі идеологиядан арылмай нақты тәуелсіздікке жете алмаймыз. Заман кімдікі? Мағжан Жұмабаев айтқандай, заман жастардікі! Жастарға сенуміз керек. Білгенімізді үйретуіміз керек. Өркениетті елдер өздерінің ертеңгі ережесін қалай қалыптастыруда, солардың тәжірибесін ұлттық менталитетімізге сәйкестендіріп қалыптастыруымыз шарт.

 

Біз де жас болғанбыз. Жастықтың шарты өмірді күреп өзгерту. Ал, жасы келген азаматтардың парызы сол жастар талап еткен күрт өзерістердің баянды бейбіт жолмен жүзеге асып орындалуына қолғабыс жасау.

 

Әрқашандағы принципімнің бастысы әділеттілікке жақ болу. Бұл енді өзім таңдаған мамандығым - ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ НЕГІЗГІ ЖАУАПКЕРШІЛІК.

 

- Қазақстан коррупция ошағы, әділетсіз банан ел, - деп бораттармен бірігіп өзімізді - өзіміз жамандап жырғап жүруге де болар.

 

Бірақ біздің жәйімізді күйттеп, жақсы жағдай жасамақ ешқандай сыртқы күш жоқ. Болса, байлығымызды соруды ғана ойлайды.

 

Сондықтан да жастарға білген-көргенімізді көрсетіп, алдағы Парламенттік сайлаудың таза өтуіне бақылау жасау парызымыз деп шештім. Жастар жағы маған арқа сүйеуде. Мен жастарға сенемін. Кеше жүздескен сол жастардың арасында өзім тәрбиелеген мықты азаматтарды көріп бір жағы қуанып, бір жағы ісімізден нәтиже шығарына сеніп отырмын.

 

Ендеше, барымызды бағалап, жоғымызды өркениетті жолмен іздеп таба білейік.

 

Біреу бастауы керек.

 

Біз бастадық. Сіздер де Таза сайлау өтуіне үлес қосыңыздар дегім келеді.

 

 




Көрілген: 2012    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.12.2020, 15:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28