Мәселе

Тегін азық-түлік алған Әулиекөл тұрғындары 5 млн теңге қарыз болып қалды

  • Көрнекі фото.  https://ztgzt.kz/

    Көрнекі фото. https://ztgzt.kz/

Қостанай облысында Әулиекөл ауданының тұрғыны ауылдастарын алдап, Алматыда олардың атына бес миллион теңгеден астам кредит рәсімдеген.

 

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, алаяқ Әулиекөл ауданының 31 жастағы тұрғыны екені анықталды.

 

"31 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты бұл іс Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлімі бойынша (Алаяқтық) тіркелді. Ол өзінің алаяқтық әрекеттерін, яғни тауарға арналған онлайн-кредитті Алматыда орналасқан жеке кәсіпкерлік атынан жүзеге асырған", - деп хабарлады полиция.

 

Ауылдастарының жеке мәліметін алу үшін ол әлеуметтік көмекті таратамын деген сылтаумен азаматтарға барып, азық-түлік пакеттерін берген. Бақылаушы мекемеге есеп беру үшін көмек алған адамдардың жеке мәліметтері мен суреті қажет екенін алға тартқан. Одан кейін ол бұл мәліметтерді банктердің бірімен келісімшарт жасаған жеке кәсіпкерлік нысанына жолдап отырған. Қаражат алаяқ әйелдің картасына аударылған.

 

Жәбірленушілер өз аттарына кредит рәсімделгені туралы банк қызметкерлерінің қоңырауы мен қарызды өтеу туралы хабарлама келгеннен кейін ғана білген.

 

Осы әйелдің заңға қайшы әрекетінен зардап шеккен сегіз азамат полицияға шағымданған. Келтірілген залалдың жалпы көлемі бес миллион теңгеден асады.

 

Күдікті бұрын сотты болмаған, кәмелет жасына толмаған баласы бар. Ол әйелден ешқайда шықпау туралы қолхат алынды.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 788    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 17:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30