Мәселе

"Тегін картоп пен сәбіз тау болып жатыр": әкімдік желіде тараған видеоны түсіндірді

  • "Тегін картоп пен сәбіз тау болып жатыр": әкімдік желіде тараған видеоны түсіндірді

Желіде тараған видео анықтамасында бағаны көтеру үшін өнімді әдейі лақтырып жатқаны туралы жазылған. Әлеуметтік желіде Павлодар облысында халықтың далада үйіліп жатқан картоп пен сәбізді теріп жатқан видеосы тарап кетті. Облыстық әкімдік осыншама өнімнің тегін берілуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Видео авторының айтуынша, картоп пен сәбізді Ақтоғай ауылына үйіп тастаған.

"Міне, Павлодар облысы, Ақтоға ауданы, Ақтоған ауылы. Сәбіз тегін, камаз-камаз етіп төгіп жатыр ғой. Ал мына жақта картоп тау болып жатыр", - дейді ол.
Видео анықтамасында бағаны көтеру үшін өнімді әдейі лақтырып жатқаны туралы жазылған.

Павлодар облысының әкімдігі видеоның Ақтоғай ауылында түсірілгенін растады.

Алайда картоп пен сәбізді лақтырудың өзіндік себебі бар.

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинағанда біршама шығын болады, ондайды рефакция деп атайды. Әрбір жиналған дақылдың жалпы көлемінде рефакциялық процент болады. Оған қоса, картоп пен сәбізді сақтау қоймасына жібергенде стандартқа сай келмейтін өнім бар, ол өтімсіз тауар болып саналады. Олар ұсақ, бүлінген және тағы басқа өнімдер", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары.

Ал өтімсіз тауар кез келген шаруар қожалығында кездеседі. Сол кезде олар картоп пен сәбізді үйіп тастайды. Оны халық тегін алып кете алады.




Көрілген: 2398    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 16:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30