Мәселе

Тегін массаж және миллион теңгелік несие. Мұның астарында не жатыр

  • https://azh.kz/

    https://azh.kz/

Жарты ай бойына Атырау тұрғындары тегін массаж сеансына қатысу және сол үшін сыйлыққа видеотіркегіш алу туралы ұсыныспен шыққан телефон қоңыраулары толастар емес. Мұның астарында не жатқанын «АЖ» тілшісі анықтады.

 

«Сәлеметсіз бе! Есімім Андрей, - деген дауыс естілді бейтаныс нөмірден.

- Сізді Атырауда медицина орталығының ашылу құрметіне арналған тегін шараға шақырғым келеді. Бізде сіз жапондық соңғы жабдықпен сауықтыру және босаңсыту массажын тегін ала аласыз. Әрбір қонақ біздің презентацияның соңында кепілдендірілген тегін сыйлық - автокөлік тіркегішін алады. Айтыңызшы, жасыңыз нешеде? .. » - деп, әңгімелесушім тағы бірнеше сұрақ қойып, алған ақпаратына риза болып, шараға тіркелу үшін SMS-код жіберуге уәде берді.

Содан кейін, өзіммен бірге жұбайымды немесе досымды, сондай-ақ жеке куәлігімді ала келуімді өтініп, «Андрей» сыпайы қоштасады.

 

Осынау тартымды шақыру жөнінде танысым әңгімелеп берді. Айдалада батпан құйрық жатпағанын есте ұстап, «массаж, бейнетіркегіш сыйлыққа» деген негізгі сөзді гуглмен іздестіргенде, таң қалдым. Ғаламторда сапасы күмәнді, бағасы шарықтап тұрған тауарларды аңғал азаматтарға тықпалайтын пысықай жігіттер туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ондаған жарияланым шыққан екен. Осындай таныстырылымға келушілер сатып алған қорап-қорап заттармен... және ірі банк несиесін мойнына іліп алып үйлеріне қайтады. Мұндайлар Ресейдің ондаған қаласында, Қазақстанда түрлі жылдары Алматыда, Ақтауда, Семейде болды. Енді Атырауға да ат басын тірепті. Олардың әрекет ету сызбалары, тіпті ай            татын әзілдері де бірдей деуге болады. Гастролерлер командасының құрамы түрлі болуына қарағанда, олардың дайындығы бірдей.

 

Олар «партизандық» элементтері болса да іс жүзінде ашық жұмыс жасайды. Бұл презентация өтетін жерлер мен ұялы телефон нөмірлерінің жиі ауысуы, шақыру сатысында «үміткерлерді» мұқият тексеру, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде хабарландырулардың болмауы. Айтпақшы, олар баспасөзді және қоғамдық ұйым өкілдерін ұнатпайды, оларды түрлі сылтаумен сыртқа шығарып жіберуге тырысады. Соған қарамастан, қойылымның басы-қасында болып, жұмыссыз жүрген адам ретінде лақап атпен бақылауды ұйғардым. 

 

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

 

 

«НЕГЕ ЖҰБАЙЫҢЫЗДЫ АЛЫП КЕЛМЕДІҢІЗ?»

 

Белгіленген күні сағат 17.00-де сәнді мейрамхананың банкет залының кіреберісіне келіп тұрдым. Бұл мейрамхананы жалға алу арзан емес шығар деп ойлап қойдым. Кейін анықтағанымыздай, бірнеше күннен бері презентациялар (күніне үш рет) болады екен.

 

Ойлағанымдай емес, ішке кіру оңай екен. Беті қуаныштан бал-бұл жанған бір бала мені өмір бойы күтіп тұрғандай, алып ұшып келді.

 

- Сіз шақыру бойынша келдіңіз бе? – деп сұрады ол.

 

- Иә... – дедім мен. – Не ғой... Досым шақырған, өзі келе алмады.

 

- Досыңызды есімі кім? Ұялы телефон нөмірін айтсаңыз?

 

Жас жігіт ноутбукті ашып, қарай бастады.

 

- Кешіріңіз, бірақ ол тізімде жоқ екен... Неге жалғызсыз, әйеліңіз қайда? Кім болып жұмыс істейсіз?..

 

Қысқа «сұрақтан» кейін ол әлдебір күмәнмен, бірақ мақұлдап қолын сермеді. Жеке куәлігімді де сұрамады.

 

- Тіркелуге барыңыз!

 

Зал ішінде пысық, жарқылдаған сегіз жігіт пен қыз отыр. Бәрі де 20-30 жас аралығындағы жастар, бірдей арзан костюм киген, қарапайым банк клерктеріне ұқсайды. Біз, он көрермен, алдын ала дайындалған орындарға отырдық. Меніңше, ұйымдастырушылар бірінші ерітіндіге ең ерігішті орналастырды, ал мен - жұмыссыз ретінде, сондықтан оларды қызықтырмаймын, соңғы қатарда жалғыз тұрдым.

 

Бізді, он көрерменді, алдын ала дайындалған орындарға отырғызды. Меніңше, ұйымдастырушылар бірінші қатарға анағұрлым төлемге қабілеттілерін жайғастырды, ал мен - жұмыссыз ретінде оларды қызықтырмасам керек, соңғы қатарда жалғыз отырдым.

 

Залдағы ортада түрлі тауар салынған қораптарға толы үстелдер тұрды: ауа мен су ионизаторы, электрлі массажер және табиғи меринос (биязы жүнді австралиялық қой) жүнінен жасалған төсек-жайма жиынтығы. Жанында бірнеше массаж кресло болды. Медицинаға қатысты адам омыртқасының суреті салынған стенд қана болды.

 

Бәріне «бірегей авторлық презентация бөгде жандардың қолына түсуі мүмкін» деген желеумен суретке/бейнежазбаға түсіруге тыйым салып, шоу басталды.

 

СУПЕРЖАҢАЛЫҚ

 

Шараны жүргізушілер жақсы психологтар екен, күліп, әзілдеп көрерменді баурап алды. Өздерін жапондық массаж жабдығы дистрибьютор-компаниясының қызметкерлеріміз деп таныстырды. Атап айтқанда, нефрит тастары бар вибро-массаж желбегейдің ғажайып қасиетін спикерлер жан-жақты мақтап, мысал ретінде достарының, таныстарының, туыстарының осы желбегейдің арқасында денсаулығын жақсартып, тіпті өз массаж кабинетін ашқанын әңгімелеп берді.

 

Жүргізушілер өздері таныстырған өте қымбат өнімнің бірегейлігі мен сапасының жоғарылығын әлденеше рет атап өтіп, ұсынылған брендтің көпшілігі жақын арада қазақстандық нарыққа шықпайтынын өкінішпен мәлімдеді. Бірақ!

 

Сол кезде залға демеушілер лотерея өткізуге дайын екенін және жолы болғыш жандардың бірі сыйлықпен кететіні туралы керемет жаңалықпен «клерк» залға қуана кірді.

 

- Лотерея дәл осындай таныстырылым болып жатқан тоғыз залда өткізіледі. Қазір экраннан кездейсоқ іріктеу арқылы таңдалған жеңімпаздардың аты-жөнін көресіз, - деді ол.

 

Арамыздан (кім күмәнданар еді!) «жолы болғыштың» бірі шықты. Арнайы маман киімін киген орта жастағы ер адам лотерея жеңімпазы сыйлық қораптарын құшақтап, дереу оны бір жерге алып кетті, біз кейін оны көрмедік. Сірә, бұл көз алдау шығар – ол адам бірнеше рет дайындалған спектакльдегі рөлін ойнап шыққан болар.

 

«АҚШАҢЫЗ ЖОҚ ПА? НЕСИЕ АЛЫҢЫЗ»

 

Ал сол уақытта бір спикер екіншісін алмастырып, адамның ойлануға, интернетті қарап, бағаны салыстыруға мұршасын келтірмей, үздіксіз иландыратын сөздерді жаудырып жатты.

 

Жалпы,

 

Жалпы, бүкіл қойылым нефрит тастары бар сол «ғажайып» массаж желбегейдің айналасында болды. Оның бір данасы 948 200 мың теңге тұрады. Әсерін сезу үшін қатысушылардың әрқайсысын массаж орындықтарға кезекпен шақырды (менің де кезегім болды).

 

... Таныстырылымның болып жатқанына үш сағат болды.  Осы уақыт ішінде жүргізушілер аудиторияны сыни тұрғыдан ойлау қабілетінен айырылған күйге жеткізді. Осылайша, ерлі-зайыптыларды алдау оп-оңай. Сондықтан да мұндай шараға ұйымдастырушылар жұбайыңызды ертіп келуді талап етеді екен. Ақырында, жиналғандардың әрқайсысы осынау «ғажайып» желбегейді сатып алуға келісті. Тіпті, жомарт сатушылар 700 мыңнан астам теңгеге дейін жеңілдік жасауға уәде берді. Ал сыйлық ретінде аталмыш ионизаторлар, қол массажерлері мен төсек-жайма жиынтығы берілді.

 

Бүкіл сатып алушыны үстелдерге бөлек бөліп, әлдебір қағазды толтырып, қол қойдырды.

 

- Ақшаңыз жоқ па? Жұмыссыз ба едіңіз? Жеке куәлігіңіз жаныңызда бар ма? Ештене етпейді. Телефоныңызда «Каспий» қосымшасы бар ма? Міне, керемет! - деп «клерктердің» бірі қуанып, мені жетелеп бөлек үстелге апарды. – Қазір несие алуға көмектесеміз. Бұл бір минуттық іс! Әзірге параққа 20 досыңыздың нөмірін жазуды ұмытпаңыз, біз оларды келесі презентацияға міндетті түрде шақырамыз...

 

... Олар мені ұзақ үгіттеді. Сағат сегізге таман шыдамым таусылып, бас тартам деп, қатты айтып тастадым. Ол кезде зал босап қалған еді, массаж желбегей мен банктен несие алғандардың барлығы  тарап кетті.

 

Мейрамхана жанында темекі шегу үшін орындыққа отырдым, сол кезде іштен әлгі таныс «клерк» шықты. Мен оған өзімнің кім екенімді айтуды ұйғардым.

 

- Сіз неге журналист екеніңізді бірден айтпадыңыз? Барлық сұрақты заңгерімізге қойыңыз! – деп шорт кесті ол.

 

- Күте тұрыңызшы. Мұндай презентациялар адамды алдау деп жазып жатыр. Сіздер күмәнді сападағы өнімді шынымен бес есе жоғары бағамен сатасыздар дейді. Бұған не айтасыз?

 

Бірақ ол ләм деместен, тез кетіп қалды.

 

ПАЙЫЗДАР ТУРАЛЫ ҰМЫТЫППЫН

 

Үйде «бәрін білетін» Интернет маған өте қолжетімді бағада ұқсас ионизаторлар, желбегей мен түрлі массажерлерді шығарып берді. Презентация жасалған жапондық дистрибьютор-компанияның веб -сайты күмәнді болып көрінді: мекенжайы, телефон нөмірлері жоқ, тек тауарлардың суреті ғана тұр. Хабарлама терезесінде қалдырған сұрақтарыма ешкім жауап берген жоқ.

 

«Ғажайып» вибромассаж желбегейлерді танымал интернет-барахолкалардан көрген кезде таң қалмадым. Адамдар қажет емес нәрселерден арылып, несиені тез жабуға тырысуда. Мұндай жағдай Атырауда ғана емес. Хабарландыруда көрсетілген бірнеше нөмірді тердім.

 

- Бізге олар осы мамыр айында презентациясын өткізді. Менің нөмірімнен 720 мың теңгеге несие алуға көмектесті. Әйелім екеуіміз қателік жасағанымызды үйге келгенде ғана түсіндік. Біз пайыз туралы мүлдем естен шығарыппыз. Енді банкке бір миллионнан астам ақшаны қайтару керек! - дейді Талғар қаласының тұрғыны. - Мен бәрін қайтарып, ақшамды алуға тырыстым. Компания өкілі көмектесуге уәде берді, бірақ одан да жаман болды. Өйткені біз ионизаторды сатып үлгерген едік, ал ол бәрін – жарамсыз болса, сатып алған нәрсемізді де, сыйлықтарды да қайтаруды талап етті. Біз жаңа ионизатор сатып алғанда, әлгі өкіл қоңырауға жауап бермейтін болды. Міне, біз «медицина орталығының» ашылуына осылай бардық.

 

Ал мынау атыраулықтың «куәлік еткен жауабы». 1 қыркүйекте қала орталығындағы қонақүйлердің бірінде өткен презентацияда Авангард ықшам ауданының тұрғындарын біздің «клерктер» үгіттепті:

 

- Мені құдды гипноздап тастаған секілді. Оны неге сатып алғанымды өзім де түсінбедім. Ал енді банкке қалай ақша төлейтінімді білмеймін. Қайтарғым келді, бірақ олар қоңырауларға жауап бермейді.

 

АЛАЯҚТЫҚ ПА ӘЛДЕ АЛАҚОЛ МАРКЕТИНГ ПЕ?

 

«Бұл хикаяның несі жаман? Мұнда қандай қылмыс бар? – деуі мүмкін оқырман.

 

- Жігіттер өз өнімдеріне сендіріп, жарнамалауды жақсы біледі. Өйткені, ешкім ешкімді несие алуға мәжбүрлемейді ғой».

 

Шынында да, адвокат Жанаргүл СҮНДЕТҚАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, сатушылардың әрекеттерін алаяқтық немесе басқа да қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар деп біржақты айыптауға болмайды. Егер полицияға барсаңыз, онда тәртіп сақшылары сотқа жүгінуді ұсынады, өйткені азаматтық-құқықтық қатынастар осы жерде шешіледі.

 

- Сондықтан басқа елдердің тәжірибесін зерттей отырып, отандық Қылмыстық кодекске мұндай жағдайларда жауапкершіліктен жалтару мүмкіндігін жоққа шығаратын жаңа нормаларды енгізу қажет деп есептеймін, - деп санайды адвокат.

 

- Кез келген бизнестің мақсаты – барынша пайда көру. Сондықтан Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап жүрген бұл сатушылардың табысы жақсы екенін түсінуіміз керек. Жеңілдікпен ұсынылса да, сол зат үшін бәрібір артық ақша төлейсіз. Тым артық төлейтініңіз соншалық, ол бүкіл сыйлықтың, сонымен қатар қымбат орынжайларды жалға алу, бүкіл команданың жол ақысы, тұру және тамақтану шығындарын өтеуге жеткілікті, - дейді «Батыс Тұтынушылар Альянсы» ҚБ директоры Тамара БАЙЛАУОВА.

 

– Сол жерде адамға есін жинауға мүмкіндік бермейтіні түсінікті, бірақ азаматтар жеке куәлік ала келуді өтінген кезде, тым болмаса, ұсынылған затты дереу сатып алу қажеттілігі, ойлануға, туыстарымен ақылдасуға, салыстыруға мұрша бермейтіндей асығыстық сияқты сәттерге сақтықпен қарау керек. Шындығында, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның ережелеріне сәйкес тауарды сатушыға 14 күн ішінде қайтара аласыз. Бірақ презентацияға қатысушылар қандай құжаттарға қол қойғанын және қандай несие алғанын тексеру арқылы бұл туралы толығырақ айтуға болады».

 

P. S. Сыйлықтардың ішінде қытайлық бейнетіркегіш (бағасы Интернетте 5000 теңге) + Алматы қонақүйлерінің бірінде тұру үшін bon-карта (жеңілдік) есімде қалды. Қонақ үйге қоңырау шалғанда  «ресепшнде» жеңілдіктің жарамды екенін айтты. Ал енді басқалары миллион теңге несиені бірнеше жыл төлеуге тура келеді. Әрине, қымбат бағамен сатып алынған жабдықтардың біреуге пайда әкелуі мүмкін екенін жоққа шығаруға болмас. Бірақ сақ болған жөн.

 

 

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген автор




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.09.2021, 21:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31