Мәселе

"Текпішектен итеріп жібермек болды": Алматыдағы президент саябағында екі саудагер мүгедек қызға қысым көрсеткен

  • "Текпішектен итеріп жібермек болды": Алматыдағы президент саябағында екі саудагер мүгедек қызға қысым көрсеткен

Алматыда тұңғыш президент саябағы алдында заңсыз саудамен айналысқан екі әйел мүмкіндігі шектеулі жанды қорқытып, қорлық көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Тіпті ашулы саудагерлер арбаға таңылған қызды текпішектен итеріп жібермек болыпты. Дина Омарбекованың айтуынша, бірнеше күн бұрын кешке саябаққа келіп, өзі жасаған білезіктерді сатпақ болған. Сол кезде саябақ алдында ойыншық сатып жүрген екі әйел бас салып балағаттап, қуып жіберіпті. Ал полицейлер қоқан-лоққы көрсеткен саудагерлер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды деді.

 
Дина Омарбекова бұлшықет дистрофиясына шалдыққан. Ал дерт дендеп кетпесі үшін үнемі қозғалыста болуы қажет. Сондықтан ол, спортпен айналысып, бос уақытында түрлі білезіктер жасауды кәсіпке айналдырған. Айтуынша, мүгедектігіне алатын мемлекеттік жәрдемақы бассейн мен жаттықтырушысының ақысын төлегеннен артылмайды. Тіпті жейпей қалады екен. Сол үшін өзі жасаған бұйымдарды сатып, амалдап жүр.

“Осы кәсіпті жақында ғана қолға алдым. Көбіне инстаграм арқылы сауда жасаймын. Тұтынушылар жоқ емес. Алдағы уақытта кәсібімді кеңейтіп, өзім секілді жандарға көмек көрсетсем деймін. Қор құрсам деген де ойым бар”, –дейді Алматы қаласының тұрғыны Дина Омарбек. 

Дина әредік тұңғыш президент саябағында да білезік сататынын айтады. Сөзінше, өткен демалыс күндері қасына достарын ертіп, саябаққа барыпты. Бірақ оқыс жағдайға тап болған. Себебі саябақ алдында заңсыз сауда-саттық жасауды әдетке айналдырған әккі әйелдер бас салып балағаттап, қорқыта бастаған. Айтуынша, бұл бірінші жағдай емес. Бұған дейін де дәл осы саудагерлер күш көрсетіп, сауда жасауға мүмкіндік бермеген.

Полицейлер Дина Омарбекова бұл жағдайға байланысты арыз жазған жоқ деді. Бірақ қоқан-лоққы көрсеткен екі әйелге рұқсат етілмеген жерде сауда жасағандары үшін айыппұл салыныпты. Әкімдік өкілдері заңсыз сауда орындарының қызметін тоқтату полицейлердің құзіретінде дейді. Айтуларынша, арнайы рейд жасап, әкімшілік хаттама да толтыратын тәртіп сақшылары. Шенеуніктер тек заңсыз сауда жасауға болмайтынын айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізумен шектеледі екен.

Ал мүмкіндігі шектеулі жандарға тек мемлекеттік бағдарламалар аясында ғана көмек көрсетіледі деді. Яғни, кез келген жарымжан кісі кәсіп ашқысы келсе, "Атамекен", "Даму" секілді орталықтарға хабарласып, 2 пайызбен несие алуға мүмкіндіктері бар.




Көрілген: 1364    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 10:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30