Мәселе

"Тектіден текті туады": Желіде Бейсен Құранбектің әкесінің видеосы жарияланды

  • https://www.instagram.com/el_taylan/?utm_source=ig_embed

    https://www.instagram.com/el_taylan/?utm_source=ig_embed

Instagram желісінде белгілі журналист Бейсен Құранбектің әкесі бой көрсеткен әсерлі видео тарап кетті. Белгілі болғандай, бейнежазба телевизия жұлдызының жаназасында түсірілген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Видеода қайғыдан қан жұтқан қарияның ұлын ақтық сапарға шығарып салуға келген көпшілікке алғыс айтып жатқанын көруге болады. Орны толмас қазадан соң ет жүрегі езілген әке баласының жаназасында өз-өзін әрең ұстаған.

 

"Бірлік болсын. Әбден рахмет айтамын. Алланың нұры жаусын" - деді Абай мырза.

 

Бейсен Құранбектің әкесінің әсерлі видеосы көптеген желі қолданушыларын жылатты. Олар біртуар ұлынан айырылған қарияға басу айтып, оны барынша жұбатуға тырысқан.

"Мықты болыңыз аға. Балаңыздың жатқан жері жайлы болсын", "Мойымаңыз аға. Көпке үлгі болған перзент тәрбиледіңіз. Жаны жәннатта болсын" , "Алла сабыр берсін" , "Тектілік деп осыны айт. Өзегі өртеніп жатса да, ел алдына шығып алғыс айтып тұр" , "Ата сізге де күш берсін жаратушым. Бәріміз де қимаймыз" , - деп жазуда көпшілік.

 

Еске сала кетейік, кеше 18 мамыр күні танымал журналист Бейсен Құранбек 49 жасына қараған шағында қайтыс болды.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/el_taylan/ 




Көрілген: 2077    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 19:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31