Мәселе

Тележүргізуші Диля Ибрагимова: "Ауруым өршіп барады, орнымнан көтеріле алмаймын"

  • Тележүргізуші Диля Ибрагимова:

    Тележүргізуші Диля Ибрагимова: "Ауруым өршіп барады, орнымнан көтеріле алмаймын"

Қазақстандық танымал тележурналист Диля Ибрагимоваға дәрігерлер бір жыл бұрын "прогрессивті көп ошақты лейкоэнцефалопатия" диагнозын қойған (көбіне бұл дерттің соңы өліммен аяқталады).


Ол өзінің Facebook-тегі парақшасында қазақстандықтардан көмек сұрады. "Өкінішке қарай, ауруым өршіп бастады. Кеше ғана рульде отырған едім, ал бүгін көтеріле алмай отырмын. Нақтырақ айтқанда тұрамын, бірақ бір жерге жету өте қиын. Маған шұғыл ауруханаға жату керек. Дүйсенбіде таңертең "совминкаға" барамын. Онда мені күтіп жатыр. Достар, қайтадан сіздерден көмек сұрағалы тұрмын. Мүмкіндік болса, қол ұшын созыңыздаршы... Барлық қолдау білдіргендерге ризашылығымды білдіремін", - деп жазды ол. Сондай-ақ, журналист парақшасына банк деректемелерін қалдырған. Диля Ибрагимова ұзақ уақыт бойы "Таң", "Хабар", КТК телеарналарында спорт жаңалықтарын хабарлайтын жүргізуші болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда ұл тәрбиелеп отыр.

 




Көрілген: 506    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.09.2019, 11:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30