Мәселе

Теміртауда 22 жыл құлдықта болған әйелге пәтер сыйға берілді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қарағанды облысының Теміртау қаласында 22 жыл құлдықта болған жалғызбасты анаға қайырымдылық қоры баспана сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Мадина 22 жыл қыстақта құлдықта болған. Оның үш баласы бар. «Харекет» қайырымдылық қоры жалғызбасты анаға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

 

«Бұл келіншек туралы «Қайсар« қайырымдылық қоры арқылы білдік. Қор өкілдері оған бостандыққа шығуға көмектескен және онымен бір жыл жұмыс істеді. Ал біз Мадинаға Теміртауда екі бөлмелі пәтер сыйлауды ұйғардық. Пәтер жақсы, жөндеу жұмыстары жасалған», – дейді Қарағанды облысы бойынша «Харекет» ҚҚ директоры Ақтоты Жүнісова.

 

Қазір Мадина мен оның балаларының өмірі жақсарып келеді.

 

«Менің отбасыма көмектескендердің барлығына рахмет айтқым келеді. «Харекет» және «Қайсар» қорларына ерекше алғыс білдіремін. Олар менің аяғыма тұрып, қалыпты өмірге оралуыма кемектесті», – дейді Мадина.

 

Естеріңізге сала кетейік, «Харекет» ҚҚ үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде қор республика бойынша 500-ге жуық отбасын, оның ішінде Қарағанды облысында 80-нен астам жанұяға баспана сыйлады.

 

«Харекет» жетім, көпбалалы, жесір, жалғызбасты аналарға, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көмектеседі.

 

 




Көрілген: 669    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.06.2021, 17:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31