Мәселе

Теңіз кен орнындағы жанжал - жұмысшылар қандай талап қойып отыр

  • https://bilim-all.kz/

    https://bilim-all.kz/

Теңіздегі ұйымдардың қызметкерлері үйге жіберуді талап етіп отыр. Вахталық елді мекенде 30-ға адам созылып кеткен карантинге наразылық білдірді, деп хабарлайды ATPress.

 

Желіде жұмысшылар мен "Теңізшевройл" компаниясы өкілінің видесы тарады. Қызметкерлердің бірі адамдар тамақтан бас тартатынын айтты.

 

"Сараптама жасалғанына 20 күн өтті, қорытындысы әлі жоқ. Неге тек жұмысшылар ауырады, неге басшылық ауырмайды?"- деді ол.

 

Оқиғаға қатысты өңірлік шұғыл штаб түсініктеме берді. Олардың мәліметіне сәйкес, жанжал 30 мамыр күні болған. Вахталық елді мекенде екі компанияның қызметкерлері тұрады.

 

"30-ға жуық адам созылып кеткен карантинге байланысты наразылық білдірді. Олардың бәрі коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар ретінде тест тапсырды. 14 күн карантинде болды. Сынама екінші рет алынды. Алайда оның нәтижесі біраз кешіктірілді. Бұл мәселе бүгін шешілуі тиіс", - деді шұғыл штабта.

 

Еске сала кетсек, Атыраудағы "Теңіз" кен орнында және Қарағанды облысындағы "Нұрқазғанда" қызметкерлер жаппай Covid жұқтырғаны туралы ақпарат тараған болатын. 29 мамырда Екібастұздағы "Восточный"-да коронавирус анықталды.

 

sputniknews.kz

 




Көрілген: 610    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 01:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31