Мәселе

Террористер түрмеде де үгіт-насихат жүргізіп жатыр - ҰҚШҰ

  • currenttime.tv

    currenttime.tv

Террористер шоғырланған аймақтардан оралған азаматтар бас бостандығынан айыру орындарына айтарлықтай қауіп төндіріп жатыр. Бұл туралы ҰҚШҰ бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков мәлімдеді.


"Сотталған ДАИШ (Қазақстанда, Ресейде және өзге елдерде тыйым салынған ұйым – Sputnik) өкілдері түзету колонияларында үгіт-насихат жүргізу, қатарына жаңа адамдарды тарту жұмыстарын жүргізе бастады. Бұл өте маңызды мәселе", - деп хабарлады Валерий Семериков Мәскеудегі баспасөз мәслихатында.


Отырыс Нұр-Сұлтан, Бішкек, Ереван және Минск қалаларындағы баспасөз орталықтарында видеобайланыс арқылы көрсетілді.


Сонымен қатар террористер шоғырланған аймақтардан өз отанына қайта оралған балалар терроризм идеологиясын "жұқтырған" болуы мүмкін, деп атап өтті Валерий Семериков.


Оның айтуынша, бұл мұқият зерттеуді қажет ететін қауіпті белгі.


Қазақстанның қауіпсіздік қызметі осы жылы үш рет "Жусан" операциясын өткізіп, Сириядан 524 адамды, оның ішінде 30 ер адам, 137 әйел, 357 баланы елге жеткізді.


Қаңтар айында Қазақстанға оралған екі ер адам террористік қызметке қатысқаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Екінші арнайы операция кезінде оралғандардың қатарынан 16 ер адам мен 4 әйел қамауға алынды.


 Sputnik




Көрілген: 1063    Пікірлер: 0

жұма, 05.07.2019, 09:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30