"Террористерден зардап шектік". Белсенділер Тоқаевқа үндеу жолдады (видео)

05 ақпан 2022, 14:03

Алматылық бір топ қоғам белсендісі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады. Олар Қаңтар оқиғасындағы қылмыстарға қатысы бар адамдардың әділ жазалануын талап етті, деп хабарлайды Экспресс К.

 

"Біз "Қасіретті қаңтар" оқиғасы кезінде террористер қолынан зардап шеккен азаматтық қауымдастық өкілдеріміз. Біз бейбіт өмірге қайта оралдық. Алайда қаңтардағы күндерді ойласақ, аза бойымыз қаза болады. Террористер мен бандиттер бізді шексіз зұлымдықпен бет-бет қойды. Біз айналада болған зорлық пен қорлықты, тонау мен адам өлтіруді көзімізбен көрдік, басымыздан өткердік. Қаншама жақындарымыздан айырылдық. Кейбір адамдар ауыр жарақатпен аурухана төсегінде жатыр", — дейді белсенділер.

 

Олар қаңтардан кейінгі дағдарыстың зардабын әлі де тартып отырғанын, психологиялық күйзеліске түскенін айтады.

 

"Әділдік қашан орнайды? Кінәлілер қалай жазаланады? Көптеген қылмыскерлер қамауға алынды. Алайда еркіндікте жүргендер де жоқ емес. Кімдерді жазаға тартып, кімдерді бостандыққа жібергені туралы ақпарат жоқ. Әрине, біз қылмыскерді жазаға тарту науқаны аясында кінәсіздердің жазаланғанын қаламаймыз. Нағыз қылмыскерлердің жазадан құтылып кетуіне қарсымыз. Эмоцияға берілгендердің тергеу істеріне кері әсер етуіне жол бермеу керек. Жақындарынан айырылған азаматтар әрбір істің мұқият тергелгенін қалайды", — дейді белсенділер.

 

 

Олар Қасым-Жомарт Тоқаевтың тергеу ісін тағы да өз бақылауына алуын өтініп, тиісті орындарға қылмыстық істің ашық тергелеуін қамтамасыз етуді тапсыруын сұрады.