Мәселе

Тиісті органдар Мәнізоров мәселесінде бір шешімге келе алмай отыр

  • informburo.kz

    informburo.kz

Мәнізоровті «мазаламаңдар»! Бас прокуратура Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты тергеу жүргізу туралы екінші рет берген өтінішін тағы қанағаттандырмай тастады. Себебі, Бас прокуратура оған қатысты дәлелдердің қылмыстық жолмен жасалғанына сенімді.


Марат Ахметжанов, Бас прокурордың орынбасары:


- Арнайы іс-шаралар тәртібі бар, онда ешқандай тараптың мүддесіне қарамайды. Егер қылмыс құрамы немесе оқиғасы болмаса, осындай шешім қабылданады. Бұл дәлелдердің қылмыстық жолмен алынғанын алдында да айтып өттік. Сондықтан агенттіктің қайтара берген өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды.


Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтің ұсталғаны туралы қыркүйектің аяғында ақпар шыққан. Онда ірі көлемдегі алаяқтық үшін айыпталған.


57 жастағы шенеуніктің мәселесіне қатысты қазір тиісті органдар бір шешімге келе алмай жатыр. Алдымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік айыптап, тергеуге алса, артынан Бас прокуратура «қылмыс құрамы жоқ» деген себеппен қылмыстық істі тоқтатты.


Осы дүрбелеңнің кесірінен Мәнізоров еңбек дамалысына шығуға мәжбүр болған. Ал қазан айының соңында Бас прокуратура оны «сүттен ақ, судан таза» деп, бүкіл айыпты алып тастады.


 ktk.kz




Көрілген: 576    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.11.2019, 10:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31