Мәселе

ТЖ кезінде қызметкерлердің жалақысы қалай төленеді: Министр жауап берді

  • Біржан Нұрымбетов. Фото: KAZ.NUR.KZ

    Біржан Нұрымбетов. Фото: KAZ.NUR.KZ

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ресми мәлімдеме жасады. Сөз сөйлеу кезінде ол коронавирусқа қатысты жағдайға түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Бүгінде меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар, мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мүмкін болған жағдайда қашықтықтан жұмыс режиміне көшуі керек.

 

Жұмыс тәртібі, жұмыс уақытын есепке алу Еңбек кодексіне сәйкес айқындалады. Жалақы қалыпты жұмыс күндеріндегідей төленуі керек. Жалақы толық көлемде төленеді.

 

Егер қашықтықтан жұмыс істеу мүмкін болмаса және ТЖ режимі өндірістің қысқаруына алып келсе – жұмыс беруші толық емес жұмыс күнін немесе қысқартылған жұмыс аптасын енгізуге құқылы. Жалақы атқарылған жұмыс уақытына сәйкес төленеді.

 

Жұмыс тоқтатылған кәсіпорындарда - амалсыз бос тұрып қалу, қызметкерлерге 42 500 теңгеден төмен емес жалақы төленуі тиіс. Егер еңбек шартында немесе ұжымдық еңбек шартында егер жұмыстан босатылған жағдайда басқа мөлшерде төленетін болса, онда ол төленуі керек. Алайда, ол төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс.

 

Сондай-ақ, жұмыс беруші қызметкерлер санын қысқарта алады, бірақ заң бойынша ол қызметкерді бұл туралы бір ай бұрын хабардар етіп, өтемақы төлеуге міндетті.

 

Министр 2020 жылдың басынан бастап ведомство әлеуметтік сақтандыру туралы заңға өзгеріс енгізгені туралы хабардар етті, оған сәйкес, егер бүгінгі күні жұмыс істейтін адам жұмыстан шығарылса, онда ол жұмыстан айырылу себептеріне қарамастан, 6 ай ішінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан шығуына байланысты әлеуметтік төлем алуға құқылы.

 

Жәрдемақы шамамен жалақысының 40%-ын құрайды. Ол үшін жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу жеткілікті, оны қашықтықтан жасауға болады және осыдан кейін белсенді түрде адамның қатысуынсыз әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.

 

Бүгінгі таңда, Нұрымбетовтың айтуынша, үкімет 2009-2010 жылдардағы дағдарыс секілді адамдардың көп санын қамтуды болжайтын "Жұмыспен қамтудың Жол картасын" әзірлеп жатыр.

 

"Жол картасы" әлеуметтік нысандарды, ТКҚ объектілерін, инженерлік-көлік инфрақұрылымын жаңғырту, жөндеу, елді мекендерді абаттандыру бойынша шараларды көздейді.

 




Көрілген: 635    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 22:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31