Мәселе

Тілімізді шұбарлауды тоқтатайық

  • Тілімізді шұбарлауды тоқтатайық

    Тілімізді шұбарлауды тоқтатайық

Бүгінде жұрт тілді әбден шұбарлап бітті. Бұрын орысша араластырушы едік, енді «нестим», «болдемеспа»... деген сияқты «сөздер» шықты. Мұндайды әсіресе әлеуметтік желілерден көптеп кезіктіруге болады. Дұрыс жазуға өрелері жетпей ме, жоқ әлде әдейі солай жаза ма – түсіну қиын. 


Сондай-ақ алдымен орысша ойлап, сосын айтпағын қазақшаға аудара алмай қиналатындар, жөні осы екен деп сөзді қалай болсын солай қолданатындар көбейді. Әлеуметтік желі өз алдына, журналистер еңбек ететін газет-журналдарда, сайттарда да қате атаулы өріп жүреді. 


Мысалы, кешегі аптада бір сайтта Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім және Жарма аудандары «Құршым және Жармын аудандары» болып «аударылды». Яғни орыс тіліндегі «Курчумский, Жарминский» деген сөздер осылай «қазақшаланды». 


Тағы бір сайтта «1932 – 1933-жылдардағы ашаршылық құрбандары ұлықталғаны» туралы хабар жүр. Яғни мұны жазған азамат еске алу мен ұлықтаудың айырмашылығын білмей тұр. «Ұлықтау» деп адамның немесе басқаның мәртебесін көтеріп, мадақтауды, оған құрмет көрсетуді айтады емес пе? Ал бұл жерде ашаршылық құрбандары еске алынып тұр ғой. 


Қысқасы, бүгінде әлеуметтік желілерде, ақпарат құралдарында осындай қателер өріп жүр. Оның дұрыс емес екеніне ешкім де мән бермейді. Түсінсе болды дейтін сияқты. 


Бұл түрімізбен қайда барып тоқтаймыз? Сөзді дұрыс қолдана білейікші, ағайын! 


Р. ҚАЛТАЙ.




Көрілген: 574    Пікірлер: 0

жексенбі, 30.06.2019, 11:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31