Мәселе

ТМД-да шартты түрде сотталған қазақстандықтар жазасын елге келіп өтейді

  • ТМД-да шартты түрде сотталған қазақстандықтар жазасын елге келіп өтейді

    ТМД-да шартты түрде сотталған қазақстандықтар жазасын елге келіп өтейді

Сенаторлар бүгін ТМД елдерінде сотталған азаматтар өздері азаматы болып табылатын мемлекетте жазасын өтей алатын заң қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ТМД елдерінде бас бостандығынан айырылмаған, бірақ шартты түрде сотталған қазақстандықтар жазасын Қазақстанға келіп өтейді. 
"Осылайша, Конвенцияны ратификациялау бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазаға тартылған азаматтарды өз елінде жазасын өтеу мүмкіндігі мен әлеуметтік оңалтуға, сондай-ақ жаңа қылмыстардың алдын алуға және қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады", - деді сенатор Рысқали Әбдікеров.

ҚР ІІМ ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанның 280 азаматы мұндай жазаны ТМД елдерінде, оның ішінде 251 адам – Ресейде, 24-і Өзбекстанда, 3-уі Беларусьте және 2-еуі Қырғызстанда өтеп жатыр.

Қабылданған заңға сәйкес, біздің еліміз өз кезегінде, Қазақстанда сотталған ТМД елдерінің азаматтарына, сондай-ақ жазаның қалған бөлігін өз Отанында өтеуге мүмкіндік беруі тиіс. Қазір ТМД елдерінің 447 азаматы пробация бойынша біздің елімізде жүр.

Егер сот шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалса, жаза ретінде айыппұл немесе мүліктік сипаттағы өзге де жаза, сондай-ақ тәркілеу белгіленген болса Конвенцияның ережелері қолданылмайды.




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 12:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31