Мәселе

Тоғжанов солтүстікке көшіп барғандардың оңтүстікке қайтып жатқанын айтты

  • © Sputnik / Алексей Филиппов

    © Sputnik / Алексей Филиппов

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов еңбек министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, адамдарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру тетіктерін қайта қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Еңбек министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Тоғжанов "Еңбек" бағдарламасының іске асырылуына қатысты бірқатар ескерту жасады.

 

Айтуынша, оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аудару тетіктері әлі де әлсіз. Әсіресе, баспана, жер беру, жұмысқа орналастыру мәселелері халықты қанағаттандырмайды.

 

"Солтүстікке қоныс аударушылар саны әлі де тым аз. Мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарынан кейін азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру деңгейі төмен. Әртүрлі әңгіме айтылып жүр: адамдар солтүстікке барғанннан кейін субсидия алады, субсидия уақыты аяқталғаннан кейін, кетіп қалады дейді. Кетпегенде, ол не істеуі керек? Егер субсидия біткеннен кейін қаржы деңгейі төмен түссе", &ndash деді вице-премьер.

 

Тоғжанов бұл мәселеде жұмыс берушілердің құлықты емес екендігін ашып айтты.

 

"Негізгі мақсат азаматтардың барлығын тұрақты жұмысқа тұрғызу болатын. Сондықтан оған тікелей жұмыс берушілер де жауап беруі керек", &ndash деген вице-премьер жергілікті жердегі шенеуніктер де осыған жауапты болуы керек екенін атап өтті.

 

Айта кетейік, Тоғжанов еңбек министрі Серік Шәпкеновке барлық мәселені ескеріп, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару тетіктерін қайта қарастыруды тапсырды.

 

 

 

 

 




Көрілген: 1303    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 17:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30