Мәселе

Тоқаев Алматыдағы қайғылы оқиғаға қатысты пікірін білдірді

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қыркүйекте күштеп көшіру кезінде қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиғаны еске алды.

 

Бұл ақтауға келмейтін қылмыс. Біз барлық мәселе қатаң заңға сәйкес шешілетін құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Ешкімнің «самосуд» жасауына рұқсат етілмейді. Бұл қайғылы оқиға қарыз алушылардың борыштық міндеттемелерін орындамауы, ақша алудың жетілмегендігі, ашық еместігі, банктердің кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті бағалауының сәйкессіздігі мәселелерін жүйелі шешу қажеттігін айқындап берді, - деп атап өтті Президент.

 

Тоқаев атағандай, бүгінгі күні 540 мың азаматтың жалпы сомасы 354 млрд теңгені құрайтын 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар.

 

Қаржы секторына зиянын тигізбей, қарыз алушыларды қолдау үшін мұқият шаралар қабылдау қажет. Екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатының икемділігін қамтамасыз ету және бағалау қызметін реттеуді күшейту қажет. Қарыз алушыға мәжбүрлеу шаралары қолданылғанға дейін 3 ай ішінде және атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қосымша 3 ай ішінде кепілге салынған мүлікті өз бетінше сату құқығы берілуі тиіс. Мерзімі өткен берешек сомасы оның бағалау құнының 15%-ынан аз болса, ал кешіктіру мерзімі 6 айдан аспаса, кепілге өндіріп алуды шектеу қажет, - деп айтты ел Президенті отырыста.

 

 

 

baq.kz

 




Көрілген: 706    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 17:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31