Мәселе

Тоқаев екі қаладағы митингілерге қатысты пікірін айтты - видео

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев шеруге шыққандармен диалог орнатуға дайын. Бұл туралы мемлекет басшысы отандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды   Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Иә, шынымен, Алматы мен елордада бір топ азамат наразылығын білдіру үшін көшеге шықты. Қазақстан Республикасының заңнамасы тұрғысынан қарасақ, бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, аталған әрекеттер заңсыз деп саралануы мүмкін. Елімізде бостандық бар ма дегенге тоқталсам, Қазақстанда бостандық бар", -деді Тоқаев.


Оның айтуынша, наразылық шерулері кезінде кейбір азаматтар полиция қызметкерлерін әдейі арандатқаннан кейін, олардың тарапынан қажетті шаралар қабылданған.



"Бұл азаматтар шеттен келетін ақпаратты тұтынып, заңсыз әрекеттерге барған, басқа азаматтардың өміріне қауіп төндірді. Азаматтар полиция органдарына жүгініп, олардың тыныштығын қамтамасыз етуді сұраған. Сондықтан мен мүмкіндікті пайдаланып, өз қызметін кәсіби және абыроймен атқарған полиция қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді", - деді мемлекет басшысы.


Тоқаев сайлау қарсаңында құқық қорғау органдарына өздерін байсалды ұстауға тапсырма бергенін айтты.


"Олар наразылық шеруі кезінде солай жасады. Болашақта да өздерін дәл осылай ұстайтын болады", - деді президент.


Мемлекет басшысы бас көтергендермен диалогқа дайын екенін жеткізді.


"Мен наразылық шеруіне шыққандарға диалог формасын ұсыну қажет деп санаймын. Мен бұған дейін қоғамдық сенім комитеті құрылатынын айтқан едім, оның құрамына біздің қоғамның түрлі топтарының өкілдері кіреді, онда пікір алмасатын боламыз. Менің позициям туралы қоғамда әртүрлі пікір болуы мүмкін, бірақ біз біртұтас ұлтпыз. Сан пікір – біртұтас ұлт", - деді ол.


 




Көрілген: 619    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.06.2019, 22:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30