Тоқаев көлікті мас күйінде жүргізгендерге жазаны қатаңдатуды тапсырды

28 қазан 2019, 11:04

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде көлік жүргізгендерге берілетін жазаны қатаңдатуды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы президент Twitter желісінде жазды.

«Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет», - деп тапсырды Тоқаев.

Айта кетсек, Қазақстанда қаннан 0,5 промилле мөлшерінде алкогольді ішімдіктің табылуы жеңіл дәрежедегі мастық саналады.