Тоқаев: ЛРТ проблемаға айналды, қате жоба болды

11 қаңтар 2022, 12:55

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысын тағы да сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"LRT құрылысы инфрақұрылымдық жобадан елдің беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. (...) Бұл алғашынан қате жоба болды, оның айналасынан жемқорлықтың желі есті. Оңтайлы шешім қабылдау керек, бұза салу ақша мен уақыттың жоғалғанын білдіреді", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында. 
Президент әрі қарай құрылыс жүргізу үшін отандық сәулетшілер мен урбанистерді шақыруды тапсырды.