Тоқаев "Сіздің краш кім?" деген сұраққа жауап берді

29 сәуір 2022, 19:22

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев TikTok-та оның крашы кім екенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақ тілінде блог жүргізетін қазақстандық әнші, домбырашы Алексей Лодочников Қазақстан Президентімен видео түсіріп, Мемлекет басшысынан "Сіздің краш кім?" деп сұрады.

 

 

Тоқаев оның "крашы әрине жастар" деп жауап берді.

 

"Сіздерге үлкен үміт артамын", - деді Президент видеода.

 

Видео Ақордада түсірілген секілді. Бұған дейін блогер онда Қазақстан халқы ассамблеясында спикер ретінде сөз сөйлеген.