Мәселе

Тоқтап қалған лифтіден шықпақшы болған атыраулық қыз шахтаға құлаған

  • Тоқтап қалған лифтіден шықпақшы болған атыраулық қыз шахтаға құлаған

    Тоқтап қалған лифтіден шықпақшы болған атыраулық қыз шахтаға құлаған

Атыраудың 22 жастағы тұрғыны тоғыз қабатты үйде тоқтап қалған лифтіден шахтаға құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап. Қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Қайрат Хабиевтің айтуы бойынша, оқиға кезінде лифтіде төрт адам болған. Зардап шеккен қыз лифтіден өз бетінше шыққысы келген.

"Біз лифтіні тексеруден өткіздік, көтергіште ешқандай зақым болмады. Бесінші және төртінші қабаттар арасында апатты жағдайда тоқтаған соң, құтқару қызметін шақыру үшін лифтіден шыққан қыз шахтаға құлап кеткен. Оның артынан жас жігіт те шахтаға түскен. Құтқару операциясының нәтижесінде лифтіден екі адам құтқарылып, шахтадан тағы екеуі шығарылды. Қазіргі уақытта лифтінің апатты жағдайда тоқтау себебі анықталып жатыр", - деді Қайрат Хабиев. Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, құтқарушыларды шақыру туралы хабар 23 желтоқсанда сағат 06.05-те келіп түскен. Хабиевтің айтуынша, құтқарушылар оқиға болған жерге сағат 06.12-де жетті. "Оқиға болған жерге құтқарушылар бригадасы аттанды. Жеткенде анықталғандай, 1996 жылғы қыз лифт шахтасына құлап кеткен. Зардап шегуші облыстық аурухананың травмотология бөліміне жеткізілді", - деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметіндегілер. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 22 жастағы жергілікті тұрғынның жағдайы бірқалыпты. "Науқас Атырау облыстық ауруханасының нейротравматология бөлімінде оң иықтың жабық сынығы диагнозы бойынша стационарлық ем қабылдауда. Оң жақ санында, белінде және арқасында үлкен жара бар", - деді баспасөз қызметіндегілер.

 




Көрілген: 506    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.12.2018, 19:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30