Мәселе

Томирис Байсафаның өлімі: күдікті сот залынан босатылды

  • Instagram / _ahmetova_zhanna_

    Instagram / _ahmetova_zhanna_

Мәскеудегі Никулинск сотының қазылар алқасы Дагестан үкіметінің бұрынғы басшысының ұлын Томирис Байсафа ісі бойынша ақтап шықты. Муртузали Маджидов сот залынан босатылды, деп хабарлайды Mash Telegram каналы.

 

Мәскеуде көз жұмған қазақстандық қыздың ісі

 

Төртінші курс студенті 21 жастағы Томирис Байсафа 2018 жылдың сәуір айында ММХКИ оқу корпусының төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен болатын. Қыз ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, ол 3 мамырда көз жұмды.

 

Томиристің туыстары оның өлімі кездейсоқ трагедия емес деп есептейтінін мәлімдеді. Өйткені тергеудің бірінші кезеңінде төтенше жағдай болған сәтте бөлмеде оның курстасы болғаны анықталған. Тергеу екі жыл бойы бұл оқыс оқиға емес, адам өлтіру фактісі болғанына дәлел жинақтады.

 

Бұған дейін қыздың анасы жаңа тергеуші тергеу шаралары толық көлемде жүргізілмегендіктен, "уақыты өтіп кетті" деп есептейтінін айтқан болатын. Ол қажетті материалдар алынбағанын, тиісті сараптамалар жасалмағанын айтты. Жанна Ахметова мұны тергеушілер әдейі істегенін мәлімдеген еді.

 

Өткен жылдың қазан айында қыздың анасы Тоқаевпен кездесті. Президент бұл оқиғаны жеке бақылауына алған болатын.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 721    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 08:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31