Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тонауға түскен терминалдар

19 сәуір 2011, 11:30

Атыраулық үш бозбала оңай олжа табу мақсатында ұялы байланыс аударымдары терминалдарына шабуыл жасауды әдетке айналдырыпты. Жүрек жұтқан сабаздар түн қараңғысында емес, тапа тал түсте қала базарларының бірінде орнатылған терминалдарды ешкім жоқ жерге алып барып, сындырып, ішіндегі ақшасын алған.
Атырау облыстық ІІД баспасөз қыз­метінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарованың сөзіне қарағанда, осындай әдіспен 2010 жылдың желтоқсанынан үстіміздегі жылдың сәуіріне дейін 6 терминал қолды болған.
«Ұрлық түбі – қорлық» демекші, ұры­лар алысқа ұзаған жоқ. Атырау қалалық ішкі істер басқармасының қылмыстық полиция қызметкерлері 1982, 1987 және 1990 жылдары туылған жігіттерді ұстаған. Қазіргі мезетте ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша, қылмыстық іс қозғалып жатыр. Ұсталғандардың екеуі – уақытша тергеу изоляторында, ал біреуі қолхатпен бостандыққа жіберілген.