Мәселе

"Төртеуі жабылып сүйреді": Шымкентте қыздары мен күйеу балаларынан қорлық көрген әже оқиға жайлы айтты

  • "Төртеуі жабылып сүйреді": Шымкентте қыздары мен күйеу балаларынан қорлық көрген әже оқиға жайлы айтты

Шымкентте "баспана үшін өз қыздарымнан таяқ жедім" деген кейуана күйеу баласының үйді алмақ болғанына наразы. Бір жылдары қолында тұрған кіші қызы мен күйеу баласы өзінен баспанасын алдап сатып алғанын айтады. Оған енді басқа қыздары да қосылып, күн көрсетпейтін болды деп отыр. Тіпті, тепкінің астында қалып, қолымды сындырды деген апаның бейнежазбасы желіні шарлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бүгін сол бейне жазбаны түсірген Зағипа есімді қызы мен қорғаушысы жағдайға қатысты түсінік берді. Күйеуі тірі кезінде бірлесіп тұрғызған баспанаға ешкімнің таласы болмауы керек дейді апа. Алдау жолымен үй кіші қызға өтті деп отыр. Қызы өмірден өткеніне алты ай өтісімен, күйеу баласы мұрагер атанған. Енді басқа екі қызы күйеу балаларымен қосылып, үйді тартып алу мақсатында өзін азапқа салып, әбден ұрып-соққанын айтады.

 
"Ержан қатты сүйреді. Ана біреу бала болса, жаңағы Мырзабай, ол да жанымда жүр ғой. Ол да бір жағына қарай сүйреп жатыр. Мен бүйтіп еңкейіп жатырмын. Сүйреп жатыр. Бір кезде ана екі қыз мені теуіп жатыр. Еңкейсем, шашымнан тартып жұлып жатыр Нағима. Не істейін, төртеуі жабылса?!" - деді жәбір көрдім деген әжей Алтынкүл Асқарова.  

Апаның ерікті түрде үйді сатып алу келісім шартына қол қойғаны барлық сот сатысында ұтылуына әкеп соқты деді қорғаушы. Үйдің құны 10 миллион теңгені апа алмадым деп отыр. Ұрып- соғу дерегіне қатысты Абай аудандық полиция бөлімі тергеп-тексеруде екен. Заң жүзінде сегізден бір үлесі бар меншік иесі ретінде апа сол үйдемін деді. Ал ұрды деген Бағила мен Нағима болса, өз анамызға қол көтеретіндей ақылымыздан алжасқан жоқпыз. Баспанаға титтей де иек артпаймыз, тіпті ондай ойымыз да жоқ. Мұның барлығы Зағипа сіңіліміздің қолдан жасап жүрген дауы ғана деп отыр.

"Заң бойынша жазып берді ғой өзі. Сатып алды. Біздің ол үйге ешқандай қатысымыз да жоқ. Ол үйге таласымыз да жоқ. Ол күйеу балаға өтіп кеткен үй. Ешқандай анамызға тиген де жоқпыз. Қолымыздың ұшы да тиген жоқ. Біріміз де барып жатырмыз. Ағам да барды. Кіргізбейді. Оны қуып шықты жаңа Зағипа. Әпкем барды оны қуып шықты. Біз бардық, бізді де қуды. Ұрып жатыр, соғып жатыр деп өтірік бізге жала жабады", - дейді Алтынкүл Асқарованың қызы Бағила Асқарова .

Сондай-ақ, әпкелері сіңлісі Зағипа соттың бар сатысында болғанын, шығынға батқанын айтып, әрқайсымыздан төрт миллионнан талап етті дейді. Бізде мұндай қомақты қаржы жоқ, бере алмаймыз дегендерін айтады. Алайда артынша-ақ, біздерді үйге таласып, анамызды ұрып-соқты деген қитұрқы әрекеттер легі басталып кетті деп отыр.




Көрілген: 1701    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 10:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31