Мәселе

Төтенше жағдай кезінде таксистер мен бала күтушілерге де әлеуметтік төлем төленеді

  • Төтенше жағдай кезінде таксистер мен бала күтушілерге де әлеуметтік төлем төленеді

    Төтенше жағдай кезінде таксистер мен бала күтушілерге де әлеуметтік төлем төленеді

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан айына 1 АЕК немесе 42 500 теңге мөлшерінде өтемақы төленеді

Нұр-Сұлтан қаласында такси жүргізушілері мен бала күтушілер төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға құқылы. Бұл туралы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілі Гүлбағила Болатбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Төтенше жағдайға байланысты бұл адамдардың көпшілігі үйде қалып, қызмет көрсете алмай отыр. Осыған байланысты олар 42 500 теңге төлем алуға өтініш білдіруге құқылы. Олар бар болғаны өтініш қалдыруы керек. Содан кейін біз мәліметтер базасынан төтенше жағдай енгізілгенге дейінгі 12 айдың ішінде кем дегенде үш айында әлеуметтік жарна аударған ба, жоқ па соны қараймыз", - деді Болатбекова баспасөз мәслихатында.

Төлем мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан айына 1 АЕК немесе 42 500 теңге мөлшерінде жасалады.

"Такси жүргізушілері мен күтушілер 2018 жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем төлеп жүр. Қала тұрғындары ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни Нұр-Сұлтан қаласында тұратындар 2 651 теңге төлейді. Сол себепті олар міндетті әлеуметтік сақтандыру, медициналық сақтандыру жүйесінің, сонымен қатар зейнетақы жарнасының қатысушылары болып саналады ", - деді ол.

Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы филиалы бойынша директоры Дина Баегизова микро және шағын, орта бизнес кәсіпкерлері, жеке кәсіпкерлер, төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған жұмыс берушілер,  жеке практикамен айналысатын адамдар мен бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер де бұл төлемге өтініш бере алатынын айтты.

Әлеуметтік төлемді қалай алуға болады?

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қалай төлем алуға болатынын түсіндірген еді.

"Біріншісі, жәрдемақы төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандарға беріледі. Оның мөлшері – айына 42000 теңге. Бұл шағын және орта бизнес қызметкерлері болуы мүмкін. Олар соңғы жылы мемлекеттік қорға үш рет аударым жасауы керек. Қажетті өтінімді жұмысшы емес, жұмыс беруші береді. Өтінімді аудандық, қалалық жұмыспен қамту штабтары қабылдайды. Әлеуметтік төлем төтенше жағдай аяқталғанша төленеді", - деді министр.

Төлемнің екінші түрі жұмыстан шығып қалғандарға беріледі. Олар бір айдан алты айға дейін төлем алуға құқылы. Оларға жоғалтқан табысының 40%-і мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Ол үшін жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз ретінде тіркеліп, өтініш беру қажет.




Көрілген: 322    Пікірлер: 0

сенбі, 28.03.2020, 17:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31