Мәселе

Төтенше жағдай тәртібін бұзған 143 адамға іс қозғалды

  • Төтенше жағдай тәртібін бұзған 143 адамға іс қозғалды

    Төтенше жағдай тәртібін бұзған 143 адамға іс қозғалды

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай режимін бұзған 143 адамға қатысты әкімшілік іс қозғалғанын айтты. Бұл туралы Nege.kz хабарлайды.

Алматы, NEGE. «Бүгінгі күні құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің «Санитарлық және гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 476-бабы бойынша 143 тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Мысалы, дәмханалар мен мейрамханалар рұқсат етілмеген уақытта жұмыс істейді. Жиын-той өткізеді. Осының барлығы адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан да олар жауапқа тартылады. Толықтай алғанда Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы блок-бекеттердегі жағдай тұрақты. Халық енгізілген шараларға түсіністікпен қарауда», – деді министр.

Министрдің айтуынша, бүгін еліміздің бас санитарлық дәрігері халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа қаулыға қол қойды. Аталған қаулыға сәйкес, коронавирус инфекциясы тараған елдерден келген азаматтардың барлығы 14 күнге карантинге жатқызылады және вирусты анықтауға арналған тест тапсырады.
«1 А санатына кіретін: Франция, Иран, Испания, Германия және Италия елдерінен келгендер қатаң қадағаланады. Қалған елдерден келген азаматтар коронавирусты анықтауға арналған сараптамалар тапсыру үшін стационарлық карантинге 1 күнге оқшауланады. Тіпті, теріс нәтиже болғанның өзінде олар 13 тәулікке үйде оқшауланады», – деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, транзит арқылы ұшып келген азаматтарға да тексеру талаптары күшейеді. Олар барлық сараптамаларды тапсырады. Ал Қазақстан аумағына транзиттік рейстер қонған жағдайда, жолаушылар ұшақ бортынан шықпайды. 




Көрілген: 196    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.03.2020, 10:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31