Мәселе

Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік жүргізушілеріне үндеу жасады

  • https://misanec.ru/

    https://misanec.ru/

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі күз мезгілінің келуіне байланысты жол апаты жиілейтінін ескертіп, автокөлік иелеріне жазғы шиналарын қысқыға ауыстыруға кеңес берді. 

 

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша қараша айында қар жауып, боран, екпінді жел соғады, сондай-ақ еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ болып, тұман түседі деп болжануда. Сондықтан республика жолдарында көлік қозғалысына ерекше назар аудару қажет.

 

"Жазғы шинаны қысқыға ауыстыру жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ауа температурасының төмендеуінен, сондай-ақ жауын-шашын кезінде жолда көктайғақ болуы мүмкін. Соның салдарынан жазғы доңғалақтардың тежелу қабілеті нашарлайды", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

 

Мамандар көлік доңғалағын қысқы шинаға ауыстырмаған жүргізушілер рөлге ие бола алмай, жолда күтпеген оқыс оқиғаларға тап болуы мүмкін дейді. Олар өздерінің ғана емес, жолаушылардың да өміріне қауіп төндіреді.

 

Осыған байланысты министрлік күзде және қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін ауа райы туралы арнайы хабарламаларды үнемі қарап отыруды ұсынады. Дабылды ескертулер кезінде ұзақ сапарға шықпаған жөн.

 

sputnik.kz




Көрілген: 320    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.10.2020, 10:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30