Мәселе

Тойға келген қонақтар жертөлеге жасырынған – видео

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Белгісіз адам полицияға қоңырау шалып, Оралдағы «Қоржын» мейрамханасында той өтіп жатқанын айтқан.

 

Полицейлер мейрамхана жертөлесінен 20-ға жуық қонақты тапты, – деп жазады aikyn.kz өңірлік «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

 

«Бүгін сағат 12:00-ден кейін мониторинг тобы «Қоржын» мейрамханасына барды. Облыста көпшілік шараларға тыйым салынғанына қарамастан ол жерде той өткізілгенін анықтады. Бәрі фото және видеоға түсірілді», – деді мониторинг тобының жетекшісі Мирхан Бердіғалиев.

 

 

Облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, 10 сәуір күні күндіз белгісіз біреу қоңырау шалып, «Қоржын» мейрамханасында той өтіп жатқанын хабарлаған.

 

 «Біздің қызметкерлер бірден мейрамхана қожайындарына хабарласып, қазір келетінін ескертті. Полицейлер келген кезде залда ешкім болмаған. Сосын олар жертөлеге түсіп, сол жерден 20-ға жуық адамды тапты. Қалғандары қашып үлгерген секілді», – деді ол.

 

 

Той қонақтарының үстінен хаттама толтырылды.

 

 

 




Көрілген: 965    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.04.2021, 01:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31