Мәселе

"Туған қызын да зорлайтын": Сұмдықты бастан кешкен елордалық әйел жанайқайын айтты

  • Көрнекі фото: NUR.KZ

    Көрнекі фото: NUR.KZ

20 жыл құлдықта болған елордалық Шолпан Көшербаева басынан өткен жантүршігерлік жайттармен бөлісті. Айтуынша, көзін қышқылмен күйдірген, апталап тамақ бермеген, арақты мәжбүрлетіп ішкізіп, зәбір көрсеткен. Ең сорақысы, мұның бәрін істеп жүрген бөтен адамдар емес, күйеуі мен оның туысқандары деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Менің сол кезіме қышқылды сеуіп жіберді. Қолыма, кеудеме пышақ сұққан кездері де болған. Жалпы, ішіп алып істемегендері жоқ", – дейді Шолпан.

Күйеуінің тұрақты жұмысы болмаған. Үйге күніге бөтен біреулерді ертіп келіп, ішеді екен. Ал ішімдікке ақшаны ұрлықпен табатын көрінеді. Шолпанның айтуынша, күйеуі олармен бірге тұрған туған қарындасы мен оның 5 жасар қызын күніге зорлапты. Өзі ғана емес, сырттан келген достары да зорлық көрсеткен.

"Тамақты апталап бермеген кездері болған. Туған қызын да зорлайтын", – дейді жәбірленуші.

20 жыл бойы сұмдық жағдайларға шыдап келген ол былтыр қазан айында үйден қашып кеткен. Полицияға бірден арыз жазғанымен, оны әлі күнге дейін қабылдамапты. Айтуынша, полицейлер ауылдық әкімдікте жұмыс істейтін күйеуінің әпкесін тыңдап, шара қолданбайды.

"Ол 20 жыл бойы құлдықта өмір сүрсе де, әлі күнге дейін арызымды қабылдаңызшы деп бәріне жалынып жүр. Бұл не деген масқара? Қылмыстық істі қозғамаған. Ешқандай шара да қолданбай келеді", – дейді құқық қорғаушы Талас Сағымбаев.

Болжам бойынша, жантүршігерлік қылмыстар жасалған үйге журналистер барып қайтқан. Алайда, үйден ешкімді таппапты.

Көршілерінің айтуынша, Шолпан қашып кеткелі бері, оларды мұнда көрмеген, соған қарағанда, полиция келеді деп қорыққан.

"Иә, осы пәтерде тұрған, бірақ міне 2 ай болды оларды көрмедік. Үнемі айқай-шу болатын, бөтендер көп келетін. Талай рет шағымдандық, бірақ нәтиже болмады", – дейді көршісі Әсем.

Шолпанның азаматтық некедегі жұбайынан тапқан екі баласы бар. Бірақ оларды көрмегеніне көп болыпты. Күйеуінің әпкесі өзіне алып кетіп, Шолпанды ата-ана құқығынан айырған көрінеді.

 




Көрілген: 2363    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 11:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29