Мәселе

Түлкібаста ата-ана қамқорлығынсыз қалған 6 балаға баспана тарту етілді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Түлкібас ауданында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 5 бөлмелі баспана тарту етілді. Қасиетті рамазан айында «Харекет» қайырымдылық қоры тағдыр тәлкегін бастан өткерген 6 балаға аудан орталығынан тұрғын үй алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Түлкібас ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек тұрғын үйдің кілтін тапсырып, ізгі тілегін жеткізді.

 

 

Айта кетейік, осы күнге дейін 5 жасөспірім мен олардың кәмелет жасына толған әпкесі Нұрсұлу Шалыпова нағашы апасының қолында тұрып келген. Нұрсұлу Абайқызы бүгінгі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде бағдарламалық қамтамасыз ету маманы болып жұмыс істейді


 

Соңғы екі жылдан бері бұл отбасы аудан әкімдігінің қамқорлығында болып, оларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келген. Өз кезегінде көп жылдар бойы бес бауырымен қиыншылықта өмір сүріп келген бойжеткен аудан әкімдігіне, «Харекет» қайырымдылық қорына және жаны жомарт жандарға алғысын жеткізді.

 




Көрілген: 831    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 23:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30