Мәселе

Түнгі клуб қызметкерлері полицейлерге есігін ашпай қойған

  • https://azattyq-ruhy.kz/

    https://azattyq-ruhy.kz/

Елордадағы түнгі клубтар мен мейрамханалар әлі күнге дейін карантин талаптарына бағынар емес. Azattyq Rýhy тілшісі мобильді топпен бірлесіп арнайы рейдке қатысты.

 

Әсіресе, мекемелердің жұмысы демалыс күндері қызады. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шараларын ұйымдастыруға жұмылдырылған мобильді топ 9-15 қараша аралығында тексеру жүргізді.

 

Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметінше, Алматы ауданында - 14, Байқоңыр ауданында - 7, Есіл ауданында &ndash 18, Сарыарқа ауданында 18 санитарлық талаптарды бұзу жағдайы анықталды.

 

 

4 қараша күні «Шишка» лаундж-барында санитарлық талаптардың сақталмаудан бөлек, мейрамхана меймандарына кальян ұсынылғаны анықталды.

 

«Карантиндік шаралардың бар екенін білемін. Бірақ кальян шегуге тыйым салынғанын осы уақытқа дейін білгенім жоқ» - деді келушілердің бірі.

 

Рейд барысында полиция қызметкерлерінің назарына көңіл көтеруге келген аяғы ауыр келіншектер де ілікті.

 

Кальян шеккен қонақтарға Әкімшілік кодекстің 441-бабының 1-тармағанына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш (41 370 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

 

 

Ал Шұбар шағынауданында орналасқан Pei Zdes мекемесінің есігін мобильді топтың бұзып кіруіне тура келді. Түнгі клубтың екі қабатында да адам қарасы көп болды. Тәртіп сақшасының бұйрығына бағынбаған мекеме әкімшісін жергілікті полиция бөлімшесіне алып кетті.

 

16 қарашадағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аудандық басқармаларына карантинді бұзу жағдайына қатысты 2043 материал келіп түскен. Айыппұл көлемі 193 млн теңгеден астам соманы құрайтын 963 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті хабарлады.

 

Сонымен қатар, бүгінде жалпы сомасы 151 млн теңгеден астам 752 әкімшілік айыппұл төленгені белгілі болды.




Көрілген: 803    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.11.2020, 22:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31