Мәселе

Түнгі клубтарда іс-шаралар өткізуге тыйым салынады

  • Түнгі клубтарда іс-шаралар өткізуге тыйым салынады

    Түнгі клубтарда іс-шаралар өткізуге тыйым салынады

Вице-премьер Ералы Тоғжанов үкіметтің адамдарға қонаққа баруға тыйым сала алмайтынын айтты, сондықтан қазақстандықтардан тойларын кейінге қалдыруды сұраған.
Қазақстанда коронавирустың таралу қаупіне байланысты түнгі клубтарда іс-шараларға тыйым салынады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"13 наурыздан бастап адам көп қатысатын бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Түнгі клубтар - осы регламентке сәйкес келеді. Сондықтан да, бұл мекемелерде іс-шаралар өткізуге тыйым салынады, себебі адамдардың жаппай жиналуы белгілі бір қауіп төндіреді", - деді А.Райымқұлова ОКҚ брифингінде.

Естеріңізде болса, 13 наурыздан бастап Қазақстанда бұқаралық мерекелік, спорттық, ойын-сауық-мәдени іс-шараларды, конференция, семинар, көрмелер және басқаларын өткізуге тыйым салынды. Жоспарланған спорттық ойындарды тоқтатпау үшін оларды көрерменсіз өткізу туралы шешім қабылданды.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов үкіметтің адамдарға қонаққа баруға тыйым сала алмайтынын айтты, сондықтан қазақстандықтардан тойларын кейінге қалдыруды сұраған.

Базарлар мен сауда орталықтары тұрғындарды қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін бұрынғы режимде жұмыс істейді, алайда СОО орналасқан кинотеатрлар жұмыс істемейді. Себебі жабық бөлмеде адамдарды бір сағаттан артық қалдыру қауіпті болуы мүмкін. 




Көрілген: 212    Пікірлер: 0

сенбі, 14.03.2020, 12:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31