Мәселе

Тұрғындар полицияның қылмыс үстінде ұсталған педофильді босатып жібергеніне ашулы

  • https://tengrinews.kz

    https://tengrinews.kz

Шымкент тұрғындары кішкентай қызды зорламақ болған ер адамды қоғамнан оқшаулауды талап етуде, деп хабарлайды kaz.zakon.kz vera.kz-ге сілтеме жасап.


Шымкенттегі Хамза ауданының тұрғындары қылмыс үстінде ұсталған педофильді полицияның үйіне босатып жібергеніне ашулы.


Олар 14 қыркүйектен бастап өздеріне маза жоқтығын айтады. Дәл сол күні 9 жасар қызға үйдің жанында кешкі сағат 17 шамасында көрші еркек тиіспек болған. Ер адам қызға ұстап көр деп кесірткені берген, бала соған алданып тұрғанда оның киімін шеше бастапты. Мұның бәрін велосипед мінген көрші 8 жасар бала көріп, үлкендерге айтып келген.


"Қайта ол бала велосипедте болған, әйтпесе бәрі кеш болар ма еді. Енді қалай өмір сүретінімізді білмеймін. Қызым қатты қорқып қалған. "Ең құрымағанда, көшіп кетейікші бұл жерден" деп айтады, ал ол болса, дәл біздің желкемізде көрші тұрады. Кіргені-шыққаны бізге естіліп тұрады. Қызым оның тамағын қырнап, жөтелгенінен де қорқады. Ол томаға-тұйық болып, сөйлемейтінді шығарды. Бірнәрсе десең, ашуланып шығады. Психологқа көрсеттік, қазір онымен психолог жұмыс істейді", - дейді қыздың әжесі.


Көше тұрғындары сол оқыс оқиға орын алған күні полиция келіп, қызға тиісті деген көрші еркекті Абай полиция бөліміне алып кеткен. Бірақ ол таңертең үйіне қайтып келіпті. Содан бері ол өз үйінде тұрып жатыр, ал көше тұрғындары болса, ол үйді айнала қашуға мәжбүр.


"Бізге Абай полиция бөліміндегілер оның психикалық ауруға шалдыққанын айтты. Сөйтсе ол 2010 жылдан бері неврологиялық диспансерде тіркеуге тұрады екен. Ал біз болсақ, әлі қорқып жүрміз. Егер ол күдікті болса, онда тергеу изоляторында қамалуы тиіс емес пе? Ал егер психикалық ауытқуы болса, онда неврологиялық диспансерде апарып жапсын. Біз, шыны керек, бұлай үрейде өмір сүруден шаршадық, өйткені тергеу бір айға созылады деп жатыр, сонда біз бір ай бойы мұны жаба ма, жаппай ма, деп сары уайымда өмір сүруіміз керек пе", - дейді зардап шегуші қыздың әжесі.


"Кәмелетке толмаған балаға қатысты заңсыз әрекет жасау фактісі бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді бұл іске қатысты Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


 


 


 


 


 


 




 




Көрілген: 838    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.10.2019, 15:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31