Мәселе

Туристер Баянауылдағы қола дәуірінің қабірін бұзып кеткен

  • http://pavlodarnews.kz/

    http://pavlodarnews.kz/

Әлеуметтік желілерде Кемпіртас маңындағы көне молалардың бұзылғаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

 

Аталмыш бейнероликті Instagram желісіндегі парақшасында ҚР еңбек сіңірген туризм инструкторы Марина Кәрімова орналастырған.

 

- Сенбі 12 маусымда экскурсияға келсек, тастардың шашылып, қабір бұзылғанын көрдік. Ғасырлық тастарды тепкені көрінеді. Экскурсия кезінде мұндайды істеу мүмкін емес, демек, адамдар бұған арнайы машинаға мініп келген, - дейді Марина Кәрімова.

 

Жақын арада ғалымдар студенттермен бірге некропольді қалпына келтіруге тырысады. Алайда болашақта мұндай келеңсіздік орын алмағаны үшін бұл жерді қоршап, абаттандыру қажет.

 

Аудан әкімі Қанат Кәрімов бұл идеяны қолдап, жақын арада бұл жұмыс қолға алынатынына уәде берді.

 

Айта кетейік, 3,5 мың жылдық тарихы бар бұл молалар 20-ғасырдың 80-жылдары табылды.

 

Ғалымдар тарих және мәдениет ескерткіштерін бұзғандар әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертуде.

 

 

 

 




Көрілген: 461    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 19:15

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31