Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркиядағы Наурыздың ұйтқысы – қазақтар

05 мамыр 2011, 16:50

Ұлыстың ұлы күнiн Түркия қазақтары әдетте Наурыз көже жасап қарсы алады. Ақсақалдар баталарын бередi. Сөйтiп, айтшылау басталады. Бұл күндерi осынау мерекелiк шаралар Қазақстан елшiлiгi мен консулдықтарының тiкелей көмегi арқылы iске асырылуда. Түркияда оқып жүрген қазақстандық студенттердiң басы осы наурызда жергiлiктi қазақтармен қосылып, концерттер ұйымдастыруда.
Бүгiн Ыстамбұлда Қазақстан консулдығының қазақша тiл орталығы орналасқан Топкапы мәдениет үйi саяжайында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзiрбайжан және Түрiкменстан консулдықтарының атсалысуымен арнайы Наурыз мерекесi өткiзiледi. Оған қазақ, өзбек, татар сияқты түркi халықтарының өкiлдерiмен қоса жергiлiктi түрiктер де қатысады.