Мәселе

Түркістан әкімі халықты дүрліктірген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді - видео

  • © Photo : Официальный сайт акимата Туркестанской области

    © Photo : Официальный сайт акимата Туркестанской области

WhatsApp мессенджерінде Түркістан қаласында жердің тегін беріліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада жер алу үшін халықтық кеңсеге бару қажет екені айтылған.

 

Қала әкімі Рашид Аюпов бұл ақпаратты жоққа шығарып, қалада инфрақұрылым аяқталмай жердің берілмейтінін айтты. Әкім мәлімдемесін қала әкімдігінің баспасөз хатшысы жариялады.

 

"Түркістан қаласында кеңсеге барып, арыз жазсаң, жер тегін беріледі екен деген ақпарат тарап жатыр. Бүгін таңертеңнен бастап жалғыз Түркістан қаласының азаматтары ғана емес, көрші қала, ауылдан жүздеген адам келіп, кезекте тұрып, арыз қалдырып жатыр. Біріншіден, бұл &ndash алаяқтық, өтірік ақпарат. Ешқандай жер тарату, жер беру болып жатқан жоқ", - деді Аюпов мәлімдемесінде.

 

Айтуынша, жиналғандар арасында халықты ақымақ қылып жатыр деген де пікір айтылып жатыр.

 

"Олай емес. Алаяқтар өздері осындай ақпарат таратып жатыр. Ол шындыққа жатпайды. Қазір 25 мыңнан астам тұрғын кезекте тұр. Инфрақұрылымның бәрін жүргізіп бітпей, жер бермейміз. Жер берілмейді. Берілген күнде де тек қана кезекпен алады. Бізде қазір инфрақұрылымы дайын жер жоқ", - деді қала әкімі.

 

Түркістан әкімі жер берілуі үшін инфрақұрылым дайын болуына баса назар аударды. Сондай-ақ, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

 

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 863    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.02.2021, 13:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28