Түркістан қаласында ақтөбеліктер "Кіші жүз" деп ұрандатқан

27 мамыр 2022, 19:09

Түркістан қаласында "Ақтөбе" футбол командасы жанкүйерлерінің "Кіші жүз" деп ұрандатқан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқылануда, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жанкүйерлер жуырда көне қалада жоспарланған "Тұран" және "Ақтөбе" футбол командаларының жарысында жерлестерін қолдау үшін келген. Алайда, ойын ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылған болатын.

 

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер Ақтөбелік жігіттермен учаскелік инспекторлардың әңгімелесу жүргізіп, түсіндірме жасағанына сендірді.

 

Жанкүйерлер тарапынан ешқандай құқық бұзушылық болмаған. Оларға қатысты полицияға  шақырту мен арыз-шағым түспегені анықталды.