Мәселе

Түркістан облысында адамға шабуылдайтын жыртқыш аңға қатысты әкімдік ақпарат таратты

  • https://stopfake.kz/

    https://stopfake.kz/

What’sApp мессенджерінде Түркістан облысында адамдарға шабуыл жасайтын аса қауіпті жануардың жүргені туралы хабар тарады. Оған аузы қан ит тәрізді аңның суреті тіркелген. Бұл фейк деп хабарлайды stopfake.kz.

 

 

Түркістан облысының әкімдігі Сарыағаш, Жетісай және Шардара қалаларының маңында адамдардың жабайы аңның құрбаны болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

 

– Бұл фейк. Өңірлер бұл хабардың оларға қатысы жоқ екенін растады, – деп хабарлады ведомстводан.

 

Бұған дейін бұл жануардың суреті Үндістан, Пәкістан және Латын Америка елдерінде кеңінен таратылған болатын. Сондай-ақ, Желіде мал жегені үшін жануардың өлтірілгені туралы видео тараған.

 

 

Сырттай қарағанда фотода қоңыр гиена. Бұл жануарлар Оңтүстік Африка жағалауларында шөлді аймақтарда мекендейді және теңізге жақын жүреді. Қоңыр гиеналар жемтікпен және теңіз қалдықтарымен қоректенеді. Қазақстанда қоңыр гиеналар тіршілік етпейді.

 

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтыратын ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

 

 




Көрілген: 540    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 11:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31