Мәселе

Түркістан облысында болмаған спорттық іс-шараларға 70 млн теңге жұмсалған

  • Түркістан облысында болмаған спорттық іс-шараларға 70 млн теңге жұмсалған

    Түркістан облысында болмаған спорттық іс-шараларға 70 млн теңге жұмсалған

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері сотталды.

Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды Vera.kz порталы.

Белгілі болғандай, сот отырысында төрт адам отырған. Олардың бәріне аса ірі көлемде ақша жымқыру үшін қызмет бабын пайдалана отырып қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік етті деген айып тағылды.

«Тергеу барысында анықталғандай, 2019 жылы облыста іс-шаралар, атап айтқанда, түрлі жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарының жоспары бекітілген. Әлбетте, қағаз жүзінде іс-шаралар қаржыландырылды дегенмен, іс жүзінде қаражат ол шаралар өткізілмеген күйі «игерілген». Жаттықтырушылар қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып, бір бөлігін мамандандырылған бөлім қызметкерлеріне аударып отырған.

Осылайша, мемлекетке 70 миллион теңге шығын келген», - делінген хабарламада.

Сот іс бойынша екі айыпталушыны аса ірі көлемде ақша жымқырды деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырды. Үшінші сотталушы екі жыл бас бостандығынан айырылды. Топтың сыбайласына алты айға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.




Көрілген: 812    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.12.2021, 10:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31