Мәселе

Түркістан облысында бұзақылар туристерге арналған нысанның тас-талқанын шығарған

  • Түркістан облысында бұзақылар туристерге арналған нысанның тас-талқанын шығарған

    Түркістан облысында бұзақылар туристерге арналған нысанның тас-талқанын шығарған

Түркістан облысында туристерге арналған нысанды қиратып кеткен вандалдар іздестіріліп жатыр. Бұзақылар мәрмәр тақтайшалары мен орындықтарды сындырып кеткен, деп хабарлайды “Хабар 24” арнасы.

Әкімдік қызметкерлері тәртіп бұзғандардың үстінен полицияға шағымданды. Келтірілген шығын 600 мың теңгеге бағаланып отыр. Жергілікті билік қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті.

 
Өткен жылы бұл нысанға бюджеттен 15 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Туристерге арналған орын Төле би ауданында Алатау ауылдық округіне кіреберісте жасалған. Мұнда демалушылар табиғатты тамашалау үшін келетін. Тау етегінен бес шақырымдай жердегі биік төбеде жергілікті жердің пейзаждарын ұсақ-түйекке дейін көруге мүмкіндік беретін бинокль орнатылған.

Нысан туристердің, жас жұбайлардың және мектеп бітірушілердің сүйікті орнына айналады деп жоспарланыпты. Алайда көп уақыт өтпей бұзақылар бұл орынның тас-талқанын шығарған. 




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.11.2021, 02:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31