Мәселе

Түркістан облысында екі күнде 12 той тоқтатылды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Түркістан облысында демалыс күндері карантинге қарамастан өткізілген 12 той тоқтатылған. Жасырын той өткізгендерге ӘҚБ туралы кодекстің 425-бабы 1 тармағы бойынша хаттама толтырылып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Атап айтқанда, Түркістан облысы Қазығұрт және Төлеби аудандарының тұрғындары 32-50 адамның басын қосып, қыз ұзату тойын өткізген.

 

Сайрам ауданында мобильді топ қыз ұзату, екі беташар, бір отбасылық отырыстың үстінен түскен.

 

Арыста үш беташар мен бір қыз ұзату тойы тоқтатылған.

 

Сонымен қатар Келес ауданы Біртілек ауылдық округі Жолбасшы ауылында жергілікті тұрғын 30 адамды жинап, беташар өткізген.

 

Сондай ақ Түркістан облысының Төлеби ауданы аумағында төрт демалыс аймағының карантин талаптарын бұзып, жұмысын жалғастырғаны анықталды.

 




Көрілген: 1070    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.07.2020, 21:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30