Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркістан облысында келіні қайын енесінің ақшасын құмар ойындар мен киімдерге жұмсап жіберген

30 қазан 2020, 12:13

Түркістан облысының полицейлері қайын енесінен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Созақ АПБ полицейлеріне жергілікті тұрғын хабарласып, банктегі шотынан ақша жоғалғанын хабарлаған.

 Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша СДТБТ-ға тіркеген.

Созақ ПБ-нің полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні "ізін суытпай" ұстады.  Ол жәбірленушінің өзінің келіні болып шықты, әйел істеген ісін толық мойындаған.

Белгілі болғандай, жас келіншек жәбірленушінің ұялы телефонын пайдаланып, қайын енесінің ақшасын өз шотына аударған. Осыдан кейін күдікті ақшаны құмар ойындарға және жаңа киім сатып алуға жұмсаған. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 130 мың теңге болды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кетейік, күдіктінің бұрын алаяқтықпен айналысқаны анықталды.