Мәселе

Түркістан облысында мектеп оқушылары түнгі уақытта жұмыс істеп жүр

  • Түркістан облысында мектеп оқушылары түнгі уақытта жұмыс істеп жүр

    Түркістан облысында мектеп оқушылары түнгі уақытта жұмыс істеп жүр

Түркістан облысындағы оқушы қыздар түнгі уақытта қайда жұмыс істеп жүр? Оны ешкім білмеуі керек деген сыңайда. Сарыағаш ауданы, Дихан баба ауылында оқушының ісін қарап жатқан тәртіп сақшылары көрсе де, көрмегендей болуы үшін, мектеп директоры ұстаздардан 100 мың теңге ақша жинап жатқан көрінеді.

Бұл туралы біздің арнаға шағымданған мұғалімдердің бірі мәлімдеді. Және бұл бірінші рет емес. Мұндай үрдіс ауыл мектебінде дәстүрге айналғалы қашан дейді ашынған ұстаз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бақытжан Бейсенбаев «Дихан баба» ауылындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінде 17 жылдан бері ұстаз болып еңбек етеді. Оның сөзінше, мектеп әкімшілігі соңғы уақытта ұжам арасында ақша жинауды әдетке айналдырып жіберген. «Салықтың» да көлемі әртүрлі дейді. 5-6 мыңнан басталатын көрінеді. Осы жолы мұғалімнің барлығы жабылып, 100 мың теңге жинаулары керек екен.

"Әр айда жинаймыз. Кешегі айда 8 мың теңге жинадық. Бұл айлық әлі түскен жоқ. Дәл осы оқиға үшін 100 мың теңге жинауымыз керек", - дейді Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі Бақытжан Бейсенбаев.

Ұстаз әлгі 100 мың теңгені оқушының әрекеті үшін жинау қажеттігін айтты. Ұққанымыз 9-сынып оқушысы түнделетіп тойханада даяшы болып еңбек еткен. Сол күні тәртіп сақшыларының жүргізген рейді барысында ол көзге түсіп қалып, өз-өзіне есеп бере алмастан, соңынан тамырын кессе керек. Алайда, бұл ақпаратты мектеп ұжымы түбегейлі теріске шығарып отыр.

"Жоқ, ешқандай ондай нәрсе жоқ. Ондай нәрсеге мен өзім жаңағы жиналу деген нәрсе, жабылуға 100 мың теңге жинап жатыр деген ақпарат ешқандай жоқ мен сізге айтайын. Жоқ. Мен Алланың алдында арым таза. Мен солай айтамын", - деді директоры Халида Қабылова.

Бұл ақпаратты әлгі жасөспірімнің анасы да теріске шығарды. Қызым түнгі уақытта далаға шыққанда, абайсызда бір қолын әйнекке тіліп алған, дейді. Алайда, оны байқап қалған ата-анасы сол мезетте ауруханаға апарыпты. Бірақ, бейнекамера алдында айтып беруден бас тартты.

"Міне, мен ғимарат соғып жатырмын. Әйнек жоқ. Анау дәретханаға түнде барамын деп, аяғы жығылып құлаған кезде әйнекке сәл бір сызық сызылған. Соны осындай дастан қылып жатсыңдар ғой. Мен өзім сахармын, күйеуімнің жүрегі ауырады. Біз уже шаршадық үш күннен бері", - деді ата-анасы.

Оңтүстікте жасөспірімдердің тойханаларда даяшы болып жұмыс істеуі үрдіске айналған. Олар күндігіне бір мың және үш мың теңгенің арасында еңбекақы алады. Балаларының қосымша табыс тапқаны осы күні ата-аналарға да тиімді секілді. Бірақ, олардың өміріне тек әке-шешесі ғана емес, мұғалім де жауапты. Сондықтан болар, Бақытжан Бейсенбаев мектептегі бассыздықты айтып, шыр-пыр болып жүр.




Көрілген: 673    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.11.2019, 16:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31